ДИКТОР: Биыл облыс аумағындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдауға шамамен 233,5 млрд теңге қаржы бағытталған. Оның 63,3 миллард теңгесі қайтарылмайтын субсидияларға бөлінген қаражат. «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында ауылшаруашылығы мен өңірдің жылу беру маусымына дайындығы айтылды.

РКС: Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 20 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Биыл субсидия алу мақсатында 12 мыңнан аса өтінім қаралды. 4 мың 611 өтініш қабылданып, 12 млрд теңгеден аса субсидия берілді. «Gosagro.kz» субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен проблемалық мәселелерді жүйелі түрде талдайды.

СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұған дейін басшылық тарапынан бірнеше рет «Gosagro.kz» жүйесінде анықталған кемшіліктерді осы жүйені әзірлеушіге жіберген және қазіргі уақытта анықталған проблемалық мәселелердің кейбірі әлі жойылған жоқ. Осылайша, қазіргі уақытта «Gosagro.kz» жұмысындағы проблемалық мәселелер толығымен шешілген жоқ, атап айтқанда: тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау нормативтерін бекіту, «gosagro.kz» сайтына өтініштер ағынын реттеу, Gosagro.kz сайтына өтінімдер тізілімін жүктеу, көрсетілетін қызметті алушыға «gosagro.kz» сайтына берілген өтініштегі қателерді түзету мүмкіндігін беру, «gosagro.kz» жүйесін қазынашылық-клиент жүйесімен біріктіру тағы басқалары.

РКС: Облыс аумағында 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымын үзіліссіз өткізу үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Атбасар қаласында орталық қазандық жөндеуден өтуде. Сандықтау ауданына қарасты Балкашина ауылында жылу жүйесі мен қазандығы жаңартылуда. Красный Яр ауылында блок-модульді қазандықтың құрылысы жүруде. Көкшетау қаласында Саин, Домбыралы, Шевченко, Потанин, Байтұрсынов көшелерінде жылу магистралі ауыстырылып, жаңартылуда.

СНХ: ӘСЕТХАН АТЫБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл алдағы жылыту маусымына дайындықты жүргізу үшін жергілікті қазынадан 31,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның 10,2 млрд.теңгесі 11 инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталған. Жыл соңына дейін елді мекендердегі 8 мыңға жуық абонентті сапалы жылумен қамтамасыз ететін 5 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. 6,1 млрд. теңге көмір, музут сынды электроресурстар алуға, 15 млрд. теңге жөндеу жұмыстарына бағытталуда.

РКС: Отырыста Көкшетау қаласының жылу маусымына дайындығы да айтылды. Қазіргі таңда 5280 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның 1136 көппәтерлі тұрғын үй және 2769-ы жеке секторлы үй. Кәсіпорын 132 білім беру, 46 денсаулық сақтау, 130 мәдениет және мемлекеттік мекеме, 1067 өнеркәсіп нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Облыс орталығының жылу беру маусымына дайындығы жоспарлы жүзеге асуда,- делінді жиында.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ