ДИКТОР: Ата Заңның 30 жылдығы қарсаңында Целиноград ауданына қарасты Аққайың ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Ел үшін маңызды мерекеге орай үйлеріне көгілдір отын тартылды. Ауыл тұрғындарына табиғи газ беруге қатысты салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов пен «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жәркешов қатысты.

РКС: Күлзада Мұқажанова бұл ауылға осыдан 7 жыл бұрын көшіп келіпті. Зейнеткер бұл күнді тағатсыздана күткенін жасырмады. Баспана иесі орталықтандырылған газдың үйіне келіп тұрғанын нақты көрсету үшін газ плитасын іске қосты.

СНХ: КҮЛЗАДА МҰҚАЖАНОВА, АҚҚАЙЫҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қуанып жатырмыз. Газ келеді деп ол өте үлкен жұмыс. Бұл бірінші Елбасының тапсырмасы болса, барлық қалған облыстық әкімін, «Қазгаз Аймақ» компанияға, барлығысы осыған күш салып, бізге газ беріп отыр. Біз өте қуаныштымыз. Тіпті тамаша болды. Былтыр облыс әкімі бір хабарламасында айтты, Аққайын ауылында газ беріледі деп. Содан сон газды мен бірінші болып үйге өткізіп алдым.

РКС: Көгілдір отынға Аққайың ауылының 233 үйі қосылды. Бұл елдімекен Целиноград ауданы бойынша орталықтандырылған газбен қамтылған үшінші ауыл. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов облыста Мемлекет басшысының Астана агломерациясына жататын елдімекендерді табиғи газбен жабдықтауға қатысты тапсырмасын орындау жалғасып жатқанын атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі танда Ақмола облысында 21 елдімекен осындай көгілдір газга кіріп, соны пайдаланып отыр. Жалпы ауылдың саны аз болғанымен, бұл жерде өздеріңіз білетіндей осындай қалын тұрғындары бар. Біз енді осы биылғы жобаларымыз қараған кезде, 224 мың адамды қамтиды екен көгілдір газбен. Ол дегеніміз біздің облысымыздың халқының 30%-ы. Бұл жоспар әрі қарай жалғасын табады. Қазір кезекте бізде үлкен елдімекендер Қараөткел, Қоянды, Талапкер және 1-ші кезен Қосшы қаласы тұр.

РКС:Елорда маңындағы елдімекендер «Сарыарқа» газ құбырының 1-ші кезеңіне қосылады. Аққайың ауылындағы жаңа желінің ұзындығы 60 шақырымнан астам. Жуыр арада 432 шақырым газ құбыры тартылады. Бұл өз кезегінде 35 мың ақмолалықтың табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз етпек.

СНХ: САНЖАР ЖӘРКЕШОВ, «QAZAQGAZ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бір айта кететін болсақ, жаңа тұтынушыларға – газдың қауіпсіздік ережелерін сақтау. Негізі біз күзгі-қысқы жылыту кезеніне наурыз айында бастап кетеміз дайындықты. Қазіргі танда міне қыркүйек кетіп қалды. Сондықтан барлық жаңа тұтынушыларымызға жасаған қосылған газдың жабдықтарын, үй ішіндегі газ жабдықтарын дұрыс техникалық шарттарын қолданып, ережелерін сақтап, қауіпсіз қолдауға шақырамыз бәрін.

РКС: Айта кетейік, әлеуметтік осал топқа жататын халықтың тұрғын үйлеріне табиғи газ кіргізу кезінде мемлекет тарапынан қолдау шаралары қабылдануда. Аталған санаттағы азаматтар үшін аймақта тұтынған көгілдір отынға 20 проценттік жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек,орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз тұрғындар 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ