ДИКТОР: Бүгін Көкшетаудағы мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Адалдық – адамгершіліктің асыл қасиеті. Қоғамда әділдік пен сенімділікті қалыптастыратын да — адал азаматтар. Білім – келешектің кепілі. Тамыз кеңесіне қатысып қайтқан тілші баяндасын.

РКС: Кеңесте жаңа оқу жылына дайындық барысы, білім беру сапасын арттыру жолдары, сондай-ақ өскелең ұрпақты адалдық пен елжандылыққа тәрбиелеудің маңызы талқыланды. Қала бойынша 30 мектеп бар. Жыл сайын шаһарда мектеп жасындағы бала санының өсуіне байланысты мұның өзі аздық етіп отыр. Жиында тағы бірнеше мектеп салынатыны айтылды. Санаулы күннен соң 3 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Басқосуда педагогтер мен сарапшылар білім беру жүйесін дамыту, цифрлық ресурстарды енгізу, мұғалім мәртебесін арттыру және ауыл мектептерін қолдау мен келешек мектептердің мәселелерін де кеңінен қозғады.

СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласында оқу саласында бізде үлкен жаңалықтар болып жатыр. Тамыз айының 18 мен 23 аралығында Көкшетау қаласында 120 мұғалімге Түркия елінен ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің көмегімен семинар оқытылды. Сол семинар қорытындысы бойынша 18 жоба әзірленді. Негізі солардың барлығы біздің Көкшетау қаласының экологиясына, экономикасына, білім беру саласына байланысты жобалар. Қазірден бастасақ та стартап ретінде алуға болады. Қаражат жағынан үнемді, экологиясы таза жобалар шықты.

РКС: Тамыз кеңесі жаңа оқу жылына тың серпін беріп, ұстаздардың ортақ мақсаттарын айқындады. Бүгінгі шара барысында әр мектеп өздерінің смарт жобаларын педагогтар назарына ұсынды. Физика пәнінің мұғалімі Байболат Шайзаданың жобасы экологиялық таза қаланы дамытудың маңызды қадамдарының бірі.

СНХ: БАЙБОЛАТ ШАЙЗАДА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ҰСТАЗЫ: Бізде мына жерде көрсетілген қоқыс жәшігі деп аталады. Яғни бұл жай ғана жәшік емес, смарт. Көріп тұрғандарыңыздай органикалық, қағаз және пластикалық үш түрлі жәшік тұр. Мынаны біз парктерге, жағалауларға қаламыздағы сол жерге қоятын болсақ адамдар өзінің қолындағы қоқысын әкеліп камераға көрсетеді. Камера жасанды интеллект көмегімен оның қандай қоқыс екенін анықтайды. Мысалы органикалық қоқыс болса онда мынау бірінші жәшік ашылады. Мына екеуі ашылмайды. Ал егер пластик болса, пластикті көрсеткен кезде программа таниды да, ЖИ арқылы мына үшінші жәшікті ашады. Сонда демалып жүрген парктегі адамдар тек өзінің сәйкесінше қоқысты жәшіктерге тастай алады.Біз бірден осылайша қоқыстарды сұрыптай аламыз.

РКС:Жиын соңында үздік педагогтер марапатталып, жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттар бекітілді.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ