ДИКТОР: Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында Қосшы қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға беру үшін 400-ге жуық пәтер сатып алынды. «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үйді үлестірудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта пәтерлер мұқтаж азаматтарға берілмек. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов тұрғын үй сертификатын салтанатты түрде табыстау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ облыс әкімі болашақта бой көтеретін 1,5 мың орындық жаңа мектептің орнын көріп қайтты.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов «Отбасы банкінің» өкілдігіне пәтер сертификаттарын табыс етті. Аймақ басшысы шараға жиылған Қосшы қаласының тұрғындарын алда келе жатқан Ата Заңның 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пәтерлер бірінші кезекте мұқтаж азаматтарға беріледі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жаңағындай Ақмола облысында «Отбасы банкпен» бірігіп жасаған ең тұңғвыш пилот. Заннамаға өзгерістер енді. Енді жергілікті әкімдер тек қана құрылыс жасайды, не болмаса дайын пәтерлерді сатып алады. Ал тарату мәселесі «Отбасы банкке» жүктеліп отыр. Сондықтан олар осын бәрін алап, реттеп, таратуды үйлестіреді. Пәтерлерді біз акимат сатып алдық. Сатып алып, соның 261 мұқтаж адамдарға – көп балалы аналарға, жетім балаларға. Ал 110 пәтерін кезекте тұрған кредитпен алатын азаматтарға табыстау үшін 371 пәтерді бүгін біз «Отбасы банкіне» бердік, тапсырдық.

РКС: Өз кезегінде «Отбасы банкінің» өкілі пилоттық жобаның басты арқытшылығы толықтай ашықтық принципіне негізделгенін атап өтті. Адами фактордың араласуы мүмкін емес. Кезектілікті жүйенің өзі анықтайды. Барлық үдеріс автоматтандырылған. Жақын арада әр азамат кезекке қатысты өзінің мәртебесін тәуліктің кез келген мезгілінде бақылай алады.

СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізге берілгеннен кейін мемлекеттік 16 базаның мәліметі «Отбасы банкінің» базасымен шоғырланады. Бұл уақыт талап ететін үдеріс. Бір-екі күнде реттелетін шаруа емес. Еліміз бойынша 650 мың азамат кезекте тұр. Қазір шоғырландыру процесі жүріп жатыр, базаның бәрі тексеріледі. Азаматтардың жалдамалы тұрғын үйге, немесе 2 және 5 проценттік жеңілдетілген несиелік баспанаға үміткер ме, оның бәрін база айқындайды.

РКС: Айта кетейік, соңғы екі жылда аймақ бойынша 5 мың отбасы баспанамен қамтылды. Соның арқасында әлеуметтік жағынан осал топ санатына жататын тұрғындардың кезегі біршама қысқарды. Тек Қосшы қаласы бойынша 560 отбасы қоныс тойын тойлайды.

СНХ: КҮЛӘШ ҚАППАСОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Енді мен 4 жыл болды осы Семейден қош келгеніме. Қосшыда ең алғышқы мына үйге үйріліп. Негізі сол 4 жылда байқаған өте жақсы дамып жатыр. Енді бүгінгі мынау мерекеміз, көршілеріміз келеді. Осыларға сертификат беріліп жатыр екен. Өте біз ризамыз, қуаныштымыз. Біздің Қазақстанымыздың әр отбасы осындай қызық болсын деп тілейміз. Содан кейін дами берсін біздің Қосшы, әдемі қалаға айналсын. Өркендей, өсе берсін.

РКС: Қосшы халқының саны жыл санап өсіп келеді.Шаһар мәртебесін иеленгеннен соң қалаға үдере көшу тенденциясы байқалады. Сондықтан аймақ алдында жаңа міндет тұр. Ол көзі ашық, озық ұрпақ тәрбиелеу.

СНХ: АЙСҰЛУ СӘРСЕНБАЕВА, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТІҢ АРДАГЕРІ: Қосшы қаласы күннен күнге жарқырап дамып жатыр. Әсіресе сәулем ғимараттар салынды, онымен бірге көптеген тұрғын үйлер салынып. Міне халыққа пәтерлер берілуде. Мен өзім мектеп басшысы болған кезде Қосшыда бір-ақ мектеп болатын. Ал қазір 8 тамаша мектептер салынып, біздің шәкірттерімізге саңалы да сапалы тәрбие мен білім беруде. Бұл өте жақсы, қуантарлық жағдай.

РКС: Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатсыз мектептермен бастағалы отыр. Аймақта үш ауысымдық оқыту мәселесі түбегейлі шешілді. Келер жылы Қосшыда 1500 орындық «Келешек мектебі» қолданысқа беріледі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Соңғы үш жылда оқушылар саны Қосшы қаласында 40%-ға артып, 12 мыңға жетіп отыр. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны да 9 мыңнан асты, 10 мыңға жақындады. Қосшы қаласында жаңа мектептер салу – ол күн тәртібіндегі басты мәселе. Сол себепті біз қазір жаңа мектептің іргетасын қалауды бастаймыз.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өңірде білім беру саласын дамытуға қатысты кешенді жұмыс жүргізілуде. Биыл Жарқайың, Целиноград аудандарында, Степногорск пен Көкшетауда тағы 5 мектеп ашылады. Еске сала кетейік, соңы екі жыл ішінде 21 оқушыға арналған 33 білім ошағы қолданысқа берілді. Сондай-ақ аймақ басшысы шаһар көшелеріндегі абаттандырудың барысын көрді. Бұл жерде балаларға арналған және спорт алаңдары орнатылады. 2 мыңнан астам бұта мен 250 ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Қазан айының соңына дейін мердігер ұйым саябақты абаттандыру жұмысын аяқтамақ. Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарға қауіпсіздік жүйесі ауадай қажет екенін атап өтті. Қосшы қаласы бойынша көшелерге 1 мыңдай бақылау камерасы орнатылады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ