ДИКТОР: Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан - таза өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Қаланы тазарту жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері мен волонтерлер қатысты. Аталған шарада 200-ден астам адам белсенділік танытты.

РКС: Жастарды ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеуге бағытталған бұл шараға Ақкөл қаласының әкімі Біржан Әбдірахманов та үлес қосты. Ол мұндай акцияларға қатысу – туған жеріне жаны ашитын әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

СНХ: БІРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін сүйікті қаламызды тазалау үшін жиналып отырмыз. Бұл акция бір реттік қана емес, қаламызды таза ұстауға, үлгі ретінде өскелең ұрпаққа тәрбие беруге арналған. Сондықтан, құрметті жерлестер, іске сәт.

РКС: Шарада телемұнара маңындағы көлемі шамамен 5 гектар аумақ қоқыстан толық тазартылды. Аталған орын қаладағы халық көп жиналатын қоғамдық кеңістіктердің бірі. Елдің болашағы-осындай акциялардан басталады-дейді қатысушылар.

СНХ: НАЗАРБЕК КӨКЕНҰЛЫ, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бұл акцияның идеясы мен мақсаты - өте айқын әрі жарқын. Себебі таза әрі әдемі жерде өмір сүру – әрбір қазақстандықтың арманы. Оған біз қалай жетеміз?Оған жетудің бір жолы – осындай шаралар өткізіп, жастар мен балаларды тазалыққа баулу. Осы арқылы еліміздің болашағын жарқын ете аламыз деп ойлаймын.

РКС: Акцияға қатысушылардың белсенді әрі ұйымшыл еңбегінің нәтижесінде ауданның экологиялық жағдайы едәуір жақсарды. Бұл іске үлес қосқан әрбір азамат елінің нағыз жанашыры екенін дәлелдеді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ