ДИКТОР: Ақмола облысында алғаш рет Dominus 128 заманауи рентгенді компьютерлік томограф орнатылды. Жаңа қондырғы Қоңыратбек Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульмонология орталығында жұмыс істеп тұр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Замануи томограф пациенттер үшін жетекші клиникалар деңгейінде дәл әрі қауіпсіз диагностикаға қолжетімді болып отыр. Dominus 128 — жоғары өнімді жүйе. Ол ең төменгі сәулелік жүктеме мен сканерлеудің жоғары жылдамдығын біріктіреді. Қондырғы үш өлшемді егжей-тегжейлі суретті алуға, нейротамыр мен коронарды артерияны зерттеуге, кез келген сырқатты ерте кезден анықтауға мүмкіндік береді.

СНХ: СӘУЛЕ СОЛТАНБЕКОВА, Қ.ҚҰРМАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Заманауи компьютерлік томограф облыста алғаш рет пайда болып отыр. Өзге құрылғыларға қарағанда бұл 128 қиықтың диагностикасын нақты талдайды. Бұдан былай облыс тұрғындары басқа қалаларға бармай-ақ өзімізде диагностикадан өте алады.

РКС: Аймақта мұндай қондырғының пайда болуы технологиялық тұрғыдан жаңару ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау саласын нығайтуға жасалып отырған стратегиялық қадам. Дәл қазіргі уақытта облыс бойынша жалғыз томограф. Сондықтан сұраныста жоғары.

СНХ: ГҮЛНӘР КӘКІМОВА, ПАЦИЕНТ: Бәрі ойдағыдай өтті. Процедураны өткен кезде еш ауырсынғам жоқ. Тез түсірді. Осындай тексеруді еш жаққа сабылмай, жергілікті жерде өтеміз, соған қуанып тұрмын. Өте ыңғайлы.

РКС: Заманауи компьютерлік томогораф дәрігерлер үшін таптырмас көмекші құрал. Өйткені осы құрылғы арқылы кез келген сырқатты ерте кезден анықтауға болады. Ең бастысы халық үшін қолжетімді әрі сапалы.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ