ДИКТОР: Ақмола облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Өңір шаруалары қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, жұмысты жеделдетуде. Қазірдің өзінде 550 мың тоннадан астам астық бастырылды. Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов алқаптағы шаруалармен кездесіп, Мәншүк Мәметова ауылындағы сүт-тауарлы ферманың жұмысымен танысты.
РКС: Целиноград ауданындағы «Ен-Дала» серіктестігінің егістік алқабы шамамен 30 мың гектар. Биыл мұнда егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 1,5 мың гектардан астам алқапқа майлы дақылдар, 20 мың гектарға жуық бидай алқабы, тағы 2,5 мың гектардан астамына арпа сіңірілді.
ЛЮФТ: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ ПЕН СЕРІКТЕСТІК ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Мы в этом году будем планировать хороший урожай. В прошлом году все это влажное было. Мы помним, комбайны показывали. 22, 23, 26% влажность была. - Да. Да, так точно. - А вот здесь 14% влажность. Это уже в пределах нормы.
- Ең бірінші арпа, сұлу басталады. Сосын бидай. Бидайын жаңа қарап шықтық. Жалпы, 20 центнердан. 20-дан асатын, жақсы егін, құрғақ. Мына күн жақсы болып тұр. 25% пайызын жинаңыздар ма? - Да.
РКС: Серіктестіктің алқаптарында табанды еңбегімен ерекшеленген жандардың бірі – механизатор Данияр Жәкішев. Мектепті бітіре салысымен еңбек жолын дәл осы серіктестікте бастаған ол, отыз жылдан бері табан аудармастан Жер-Анамен етене тіршілік етіп келеді. Биылғы орақ науқанына тамыз айының басында шыққан Данияр күніне 70-тен 100 тоннаға дейін астық бастырады.
СНХ: ДАНИЯР ЖӘКІШЕВ, КОМБАЙНШЫ: Биыл ауа райы қолайлы болды. Соның арқасында өнім де жақсы шықты. Ал қуаңшылық болған кезде түсім де төмен болады. Жақсы өнім алу үшін жерге күтім қажет. Біздің шаруашылық осы бағытта қажетті жұмыстарды қолға алды. Тыңайтқыш себу, жерді жырту – бәрі жүйелі атқарылады. Биыл мол өнім күтіп отырмыз. Арпа гектарына 18 центнер, бидай гектарына 15 центнер өнім аламыз деген ойдамыз.
РКС: Орақ науқанына 25 комбайн жұмылдырылып, шаруашылық дала жұмыстарын белгіленген кестеге сай жүргізуде. Өңірге жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Марат Ахметжанов кадр тапшылығы мәселесіне де ерекше назар аударды. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын алдағы уақытта білікті мамандармен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта өңір басшысы серіктестік шаруаларының балаларына инженерлік, аграрлық және техникалық мамандықтар бойынша 4 білім гранты мен стипендия бөлуді тапсырды. Шаруалар да мұндағы еңбек жағдайларының бәсекеге қабілетті екенін айтуда.
ЛЮФТ:АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН КОМБАЙНШЫ: Бәрі техникалары жақсы, CLAAS бәрі. - А то мы раньше на Енисеях ездили.
- А он же намного эффективнее, Енисей қарағанда. И комфортнее, да? - Да, не так устаешь. - Кондиционер, все есть там, да? - Да.
РКС: Қолайлы ауа райы сақталса, серіктестік орақ жұмыстарын екі апта ішінде толық аяқтауды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы өңір шаруалары үшін астықты өткізудің жаңа нарықтары ашылып жатқанын атап өтті. Атап айтсақ, биылдың өзінде 150 мың тонна астық Балтық порттары арқылы Италия мен Бельгияға экспортталды. Бұған қоса, келер жылы Аршалы ауданында бидайды терең өңдеуге қабылдайтын жаңа зауыт іске қосылмақ. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімін арзанға сатпай, тиімді бағаны күтіп, өз еңбегінің әділ құнын алуға мүмкіндік беріп отыр.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президент осындай тапсырма беріп, алдын-ала қаржыландырып. Жеңілдетілген несие берілді ауыл шаруашылықтарына биыл. Өйткені бұрын мынаны күзде сатып жібереді ғой, арзан болып тұрғанда. Енді – бағасы қымбат болған кезде. Бағасы өседі, құны өседі.
РКС: «Ен-Дала» серіктестігі мал шаруашылығын да дамытып келеді. Былтыр Мәншүк Мәметова ауылында сүт-тауарлы ферма іске қосылды. Жоба құны 6 млрд теңге. Ферма жылына 12 мың тонна сүт өндіре алады. Орташа өнімділігі тәулігіне 33 тонна.
СНХ: ҒАЛЫМ ҚОЙЛЫБАЕВ, МӘНШҮК» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір фермада 75 адам жұмыс істейді. 1,5 жыл бұрын іске қосылды. Қазір бұзауларды қоса есептегенде 2900 бас ірі қара мал бар. Соның 800-і сауын сиыр. Даниядан, Еуропадан Голштино-фриз тұқымды ірі қара өсіреміз. Сүтті «Нәтиже» сүт компаниясы мен «Родина» өндірістік кооперативіне өткіземіз.
РКС: Айта кетейік, соңғы екі жылда өңірде жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында 15 млрд. теңгеге 7 жаңа сүт-тауарлы ферма қаржыландырылды. Сауын сиыр басы 8 мың басқа артты. Ал мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аймақта тауарлы сүт өндірісі 1,5 есеге өсті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ