ДИКТОР: «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Шара барысында балаларға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдары табысталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шарада облыс бойынша жалпы 200-ге жуық балаға мектепке қажетті киім, сөмкелер және кеңсе тауарлары табысталды.

СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Мектепке жол» акция аясында осындай бір іс-шара өткізіп отырмыз. Облысымыз бойынша Целиноград ауданы, Қосшы қаласы, Ақкөл ауданында, Біржан сал ауданында, Көкшетау қаласының балаларына іс-шара ұйымдастырдық. «Ақ жол» партиясы қолымыздан келгенше осындай іс-шараларды ұйымдастырып, оларға оқу жылы жақсы оқып, денсаулық, мол бақыт тілейміз.

РКС: Әр елдімекенде акция мерекелік атмосферада ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды. «Тазша бала» балалар паркінде өткізілген акцияға 30-дан астам бала қатысты. Айта кетейік, сыйлықтар ата-аналардың сұранысы бойынша әр баланың жасына және қажеттілігіне сай әзірленді.

СНХ: АИДА ЫБЫРАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Бірінші қыркүйек балалары күнін қарсаңына сыйлық беріп, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, жаңа оқу жылын белсене бастасын деп алғысым шексіз. Біз сияқты ата-аналарға көмегі зор болып жатыр. Мектепке балаларға киім, құрал-жабдық, сондай нәрселермен көмектесіп жатыр ата-аналарға. «Ақ жол» партиясына көмектесіп отырғанына алғысым шексіз. Осындай көмектер көп бола берсін.

РКС: Шара соңында аталған акцияны ұйымдастырушылар балаларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Іс-шара мерекелік көңіл-күймен басталып, ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.