ДИКТОР: Жаңа жаңалауда ерекше кеш ұйымдастырылды. Ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың даналығы – Алланың аманаты» атты моноопера қойылды. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов фортепианоның сүйемелдеуімен жанды дауыста Абайдың әндерін шырқады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Моноопера форматындағы концерт – тың дүние. Бір орындаушы, бір дауыс, бірақ тұтас бір музыкалық әлем. Қопа көлінен ескен самал желмен ұштасқан өнер майталманының орындауындағы есті әндер ерекше үйлесім тапқан кеш болды. Көрермендер ұлы ақынның даналығы мен өнегесін паш еткен көріністерді ерекше ықыласпен тамашалады. Өз өмірін қазақ өнеріне арнаған сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі бұл жолы ұлы ақынның терең сырлы әндерін жаңа қырынан жеткізді. Кеш барысында «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас» секілді халыққа кеңінен танымал әндер шырқалды. Моноопера барысында әрбір әннің астарында жатқан терең мағына, Абайдың философиялық ой-толғамдары сахна тілімен шебер үйлесім тапты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:ШӘМШИЯ ТОҒАЙБАЕВА, КӨРЕРМЕН: Қандай тамаша! Біздің еліміз осы гүлдене берсін, көркейе берсін! Абайдың артында қалған өлмейтін сол сөздерді үйреніп, жай ғана өлең айтпай, сол Абайдың айтқан сөздері біздің өмірімізде қолданылып, жастарымыз жақсы тәрбиеленіп Абайша өмір сүрейік.

РКС:Шахимардан Әбіловтың орындауындағы Абай өлеңдері көрермен жүрегін тербетті. Бұл кеш – тек өнер сүйер қауым үшін ғана емес, Абай руханиятына терең бойлағысы келген әр көрермен үшін үлкен рухани олжа болды. Өнер мен философия, поэзия мен музыка бір арнада тоғысқан шара көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ