ДИКТОР: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың деңгейіне келсек, соңғы 10 жыл көлемінде облыс бойынша біршама төмендегені байқалады. Мұның бәрі түсіндірме жұмыстарыныцң нәтижесі деп саралауға болады. Облыстық полиция департаментінің өкілдері студенттермен және мектеп оқушыларымен қылмыстың алдын алуға қатысты кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары заңдылықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Кәмелетке жасы толмағандар арасында жасаған келеңсіз іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуді қалыптастыруды көздейді. Сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
РКС: Статистикаға сүйенсек, жасөспірімдер арасында жасалған қылмыстың көрсеткіші былтырғы жылдың деңгейінде қалып отыр. Тіркелген 48-дің тең жарытысынан астамы мүліктік қылмысқа жатады. Ұрлық, көлік айдап кету, алаяқтық, бопсалау, тонау. Оның өзіндік себептері бар,-дейді мамандар. Жастар арасында өзгеге еліктеушілік басым. Әлеуметтік теңсіздік. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, себептері мен шарттары, ұйымдасқан қылмыстық өмір салты, сондай-ақ жастар арасындағы нашақорлық мәселелері қозғалды.
СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 10 айда жасөспірімдер жасаған қылмыс деңгейі былтырғы көрсеткіштен асқан жоқ. Ал керісінше жасөспірімдердің өзіне қатысты қылмыстың артқаны байқалады. Өйткені, алдын алу шаралары бойынша анықталған құқық бұзушылықтың өскенін көрсетіп отыр. Яғни, жасөспірімдер түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына барып, ішімдік ішіп, сотқарлық жасайды. Білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіп отырамыз.
РКС: Биыл өткен жылы қозғалған есірткі қылмысына қатысты 8 іс аяқталды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында жанжалдасудың 3 фактісі тіркелді. Бір іс Қылмыстық Кодекстің 107-бабына сәйкес денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру деп сараланған. Ұрып-соғу, вандализмге қатысты деректер де тіркелген.
СНХ: ДАНИИЛ ПОКОТИЛО, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осындай шаралардың өткенін өз басым құптаймын. Есірткінің, темекінің,ішімдіктің зияны, оның салдары туралы көп ақпарат беріледі. Бұзақылық жасасақ, оған қолданылатын шара туралы да жан-жақты білдім. Заңды белден баспау қажет екенін ұғынамыз.
РКС: Жастар арасындағы қылмыстың алдын алумен мемлекеттік органдар ғана айналысуы қажет деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Оған күллі қоғам атсалысуы тиіс. Ең алдымен отбасындағы тәрбие болаттай берік болуы шарт. Барлық тараптар қатысатын кешенді тәсіл қылмыстың алдын алып қана қоймайды, сонымен бірге жастардың қауіпсіз әрі үйлесімді дамуына жәрдемдеспек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.