ДИКТОР: Ақкөл ауданының бірқатар елді мекенінде сумен жабдықтау жобсы іске асырылуда. Облыстық бюджет есебінен Ерофеевка ауылында суды тазартудың біріктірілген блок-модулі орнатылды. Тағы жеті ауылда су құбыры желісі қайта жаңартылуда. Оның ішінде Кеңес ауылдық округіне қарасты екі елді мекен бар.
РКС: 850-ден астам халқы бар Домбыралы ауылында 17 шақырымға жуық орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қосылды. Бұған биыл 900 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Кеңес ауылында тағы 17,5 шақырым желі қайта жаңартылды.
СНХ: МАДИЯР ЖЕТПІСОВ, КЕҢЕС АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Кеңес ауылдық округінің екі ауылында Кеңес және Домбыралы ауылында су құбыры реконструкция жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі танда, барлық жұмыстар жүргізілді. Қазір құдықтың ішінде абоненттерге кран ашылып жатыр жігіттер. Сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Проект аяқталып жатыр. 400 абонент бізге жаңа құбырға қосылады. Қазір абоненттермен крандарды ашып, құдықтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
РКС: Айта кетейік, Қына, Талқара, Өрнек және Амангелді ауылдарындағы су құбыры желісін келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша бір жарым мыңнан астам абонент сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.