ДИКТОР: Тағылымды тәрбие мен білімнің іргелі ордасына айналған Көкшетау жоғары медициналық колледжі 75 жыл денсаулық сақтау саласына білікті орта буын мамандарын дайындауға үлес қосып келді. Оқу орнының 75 жылдық мерейтойы аясында бірінші курс студенттері Гиппократтың антына берік болуға салтанатты түрде ант берді.

ИНТЕРШУМ: РКС: Оқу орны білім берудегі сапаны қамтамасыз етуде Қазақстан бойынша үздік колледждерінің ұлттық рейтингінде жетекші медициналық колледждердің үштігіне кіреді. Фельдшер мамандығын таңдаған Әсет Құлахмет ант беру рәсімі өте ерекше сәттердің бірі,-дейді.

СНХ: ӘСЕТ ҚҰЛАХМЕТ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Менің бұл мамандықты таңдау себебім бала кезімнен бері медициналық құралдармен ойнаған ұнайтын. Және адамдарға көмектескен ұнайтын. Сол себептен өзімнің алдыма мақсат қойдым, арман қойдым, яғни болашақта керемет дәрігер болғым келді. Сол себепті көптеген білім ордаларын іздедім және Көкшетау жоғары медициналық колледжіне түсу себебім осы жақтың білімі жоғары.

РКС: Биыл Көкшетау жоғары медициналық колледжі студенттерінің қатарын 300-ден астам шәкірт толықтырды. Шара барысында «Милосердие» волонтерлік қозғалысына белсенді қатысқан жоғары курстың үздік студенттері Мария Смирнова-Кухарская атындағы атаулы шәкіртақыға ие болды. Сондай-ақ қала, облыс бойынша жүлделі орындар еншілеп, колледжде спортқа белсенді қатысып жүрген студенттер де марапатталды. Оларға естелік кәдесыйлар мен Алғыс хаттар табысталды.

СНХ: РҮСТЕМ МОЛДАҒАЛИ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Адам жанының арашасы болу зор мәртебе. Бұл жай ғана мамандық емес. Оған қажырлылық пен табандылық, ең бастысы мейірімділік қажет. Сіздер бұл жолға енді ғана қадам басып жатырсыздар. Білімнің әр күнінде мықты болуға үйреніп, мол тәжірибе жинақтайсыздар. Медицина саласындағы білім ең қиын дер едім. Өйткені, адамның өмірі сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңіге тікелей байланысты болмақ. Осы жолда табандылық пен даналық тілеймін.

РКС: Айта кетейік, қазір Көкшетау жоғары медициналық колледжінде 1000-ға жуық студент білім алуда. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ