ДИКТОР: Көкшетауда ұлттық жекпе-жектен облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа 2006–2015 жылдар аралығында туған спортшылар қатысты. Олар Степногорск, Щучинск, Қосшы қалалары мен Целиноград ауданынан жиналған өрендер.
РКС: Ашық турнирге жиналған барлық спортшылар жақсы дайындық пен жоғары шеберліктерін көрсете білді. Жекпе-жектің негізгі ережелерінің бірі – техниканы ғана меңгеру емес, қарсыласына құрметпеу қарау. Спортшылар түрлі салмақта және жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады. Турнир алдында төрешілер алқасының мүшелері қатысушыларға матчтың ережелері мен қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАТУХАН ШАХМАНОВ, ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Ақмола облысының ашық турнирі өтіп жатыр. Осы жарысқа райондардан қатысушылар келді. Олардың саны 140-150. Степногорск, Қосшы, Қоянды, Щучинсктан келді. Осы жарыстың мақсаты жастар арасында спортқа деген махаббатын ояту. Салауатты өмір сүру.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир ұлттық жекпе-жек өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, сондай-ақ республикалық маңызы бар жарыстарға қатысатын болашағы зор спортшыларды анықтау мақсатында өткізілуде.
СНХ: КАЙЫРГЕЛДІ ӘРСЕН, СПОРТШЫ: Мен осы спортпен үш жыл айналысамын мен осы спорттан көптеген орындар алдым ол Қазақстанның Ақмола облысында өткен жарыстар. Өте ұнайды, өйткені осы спортта көптеген жарыстарға барамыз, әртүрлі қалаларға барамыз және маған осы жерде қатысу өте оңай.
РКС: Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар және дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл шаралар өскелең ұрпақтың спорттық рухын дамытуға және ұлттық жекпе-жек өнерін сақтауға септігін тигізетінін атап өтті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КөКШЕ АҚПАРАТ