ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл - ел бесігі" жобасы арқылы шалғайда жатқан елдімекен тұрғындарының өмір сүру сапасын айтырлықтай жеңілденетінін алға тартты. Жыл соңына дейін 6 миллион тұрғыны бар 2 мыңға жуық ауыл дәл осы бағдарлама аясында әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуы тиіс. Соның бірі Бурабай ауданына қарасты Қарашілік ауылы.

РКС: Қарашілік ауылындағы орта мектеп 1990 жылы пайдалануға берілді. 34 жылда білім ошағы мүлдем күрделі жөндеу көрмеген. Мамыр айында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында мектептің сырты күрделі жөндеуден өтті.

СНХ: МАХАББАТ УӘЛИЕВА, ҚАРАШІЛІК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге сметаны дайындауға біздің ТОО "Журавлевка-1" фирмасы 3 млн.қаражат бөліп, смета жасалды. Сол сметаның арқасында облыстық бюджеттен "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде мектепке шатыр салынды, түгел терезелер ауыстырылды. Фасад, яғни мектептің сырты түгел қапталды. Есіктері ауыстырылды сыртқы. Өте оған қуаныштымыз. Қазіргі таңда мектебіміз өте жылы.

РКС: Сондай-ақ, бұл бағдарлама аясында құны 9 миллион болатын балалар алаңы салынды. Ауылдың кіре беріс жолына асфальт төселді.

СНХ: ЖАМБЫЛ ОСПАНОВ, ҰРЫМҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГНІҢ ӘКІМІ: "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 1 шақырым 400 метрге 106 миллион 800 мың ақша бөлінді. Міне, осы Қарашілік үлкен ауылдардың бірі. Міне жол салдық, балаларға детская площадька жасадық. Мектепке ккапитальный ремонт жасап тастадық. Халықтың көңілі көтерілді. Жаз бойы балалар площадькада.

РКС: "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Қарашілік ауылы 1 жылда адам танымастай өзгеріп шыға келді, - дейді ауыл тұрғындары.

СНХ: ИННА ШКУРНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылдың ең қарт тұрғыны ретінде алғыс айтқым келеді. Күн сайын біздің өміріміз жақсарып келеді. Әсіресе, қарт адамдардың өмірі жеңілденуде. Міне, кіреберіс жолымызға асфальт төселді. Енді көлікпен қатынау жақсы болды. Балалрға арналған ойын алаңы салынды. Біздің балаларымыз, өскелең ұрпағымыз осында қуанып ойнап жүргені бізді қуантады. Мектебімізде айтарлықтай жақсарып қалды. Бұл да балардың сапалы білім алуына оң әсер тигізеді. Осындай бағдарлама барына біз өте ризамыз!

РКС: Келер жылы Қарашілік ауылындағы Целинный және Школьный көшелерінің бойына жарық тартылады. Бұл жұмыс та "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ