ДИКТОР: Жыл сайын осы уақытта тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар сияқты аурулар күшейе түседі. Инфекцияның таралу қаупі артқан эпидемиологиялық маусымда вирусологиялық зертхана күшейтілген режимде жұмыс істейді.

РКС: Облыстық Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасы күн сайын көзге көрінбейтін вирустармен күресуде. Зертхана қызметкерлері азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін инфекцияларды анықтайды.

СНХ: АЙША СЕЙІТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: №4 бас санитарлық дәрігердің өкімі бойынша 16 тамыздан 1 қазанға дейін тұмау, жіті респираторлық вирус және коронавирустық инфекцияларға сәйкес эпидемиологиялық маусым жарияланды. Біздің вирусологиялық зертхана сапа мен құзыреттілікке арналған 2015 жылдың ISO1589 медициналық талаптары негізінде аккредиттелген. Зертханадағы барлық жұмыс ауызқус пен мұрыннан алынатын үлгіден басталады. Кейін алынған үлгіні зерттеу үшін зертханаға жіберіледі. Патогендік материалмен жұмыс істеу кезінде зертхана мамандары профилактикалық шара ретінде биологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, вирустық инфекциялардың таралуына жол бермеуі тиіс.

РКС: Зерттеуге әкелінген әрбір сынама ыждаһаттылықты талап етеді. Дәрігерлердің нақты сараптама шешімі тез арада диагноз қойып, уақытылы емдеуге жәрдемдеседі. Эпидемиологиялық маусымда жылдамдық пен дәлдік маңызды.

СНХ: СЕРГЕЙ ГЕРАСИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЛАБОРАНТЫ: Тұмауға, жіті респираторлық вирустық және коронавирустық инфекциясына полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы амплификаторлық «DT-prime5» сынды зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулердің нәтижесін 2-3 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Зерттелетін арнайы үлгі бізге емдеу-профилактикалық мекемелерден келеді. Үлгілер келгеннен кейін біз оларды тіркейміз және полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы зерттеулер жүргіземіз. Ол бірінші, екінші және үшінші кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде нуклеин қышқылын бөліп алып, ейін арнайым қоспамен араластырамыз. Ал, үшінші кезеңде үлгінің нәтижесі шығады.

РКС: Зертхананың барлық қызметкері инфекцияның таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды. Вирус анықталса, зертханадан шыққан зерттеу нәтижесі бірден дәрігерге жіберіледі. Ол адамдардан дер кезінде аурудың алдын-алып, инфекцияның таралуына мүмкіндік бермейді. Эпидемиологиялық маусым кезінде ондаған сынама арнайы зерттеуден өтеді.

СНХ: БАНУ ҚОҚАНОВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ: 2024 жылдың бірінші қазанынан медициналық мекемелерде біздің зертханамызға 24 үлгі жеткізілді. Оның ішінде "А" типті тұмаудың 1 және 23 инфекциялық. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның 13 үлгісісі табылды. Жалпы біздің зертханамызда осы табылып жатқан оң өлкелердің 10 проценті. Мыналарға жіберіп, сол жерде қайтадан протестке жіберіліп, сол жерде тексеріліп отырады.

РКС: Эпидемиологиялық маусымда медициналық мекеме қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, уақытылы қорғау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Вирусологиялық зертхана күн сайын азаматтардың денсаулығы үшін күреседі. Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалы вирусологиялық зертханасының басты ұстанымы - дәлдік, жылдамдық және кәсіпқойлық.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ