ДИКТОР: Қазақтың шоқ жұлдызы, шығыстанушы ғалым, филология, этнография, тарих саласына өшпес із қалдырған Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Жиынға отандық және көршілес Ресей елінен белгілі ғалымдар қатысты. Конференция басталмас бұрын жиналған қауым Шоқантану орталығының ашылу салтанатының куәсі болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Орталық Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектерін терең зерделемек. Ғылыми және мәдени мұрасының маңыздылығын арттырып, жаңа ғылыми деректер мен жарияланымдарды ұсынады. Ең бастысы жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Шоқантану ғылыми орталығы алғашқы жұмысын «Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі түркі халықтарының тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бастады.
СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Ортағасырлық тарихы Шоқан Уәлиханов өзі төре тұқымы болғандықтан, барлық Шоқан Уәлихановтың бабалары осы түркі дәуірі, Жошы ұлысы, Алтын Орда тарихы осы Қазақстанның 60 пайызынан астамы Жошы ұлысына қарасты болды.Сондықтан осы тарихи кезеңдерді Сібір хандығын зерттеулердің үлкен бастауы болады дейміз.
РКС: Орталықтың іс-шаралары отандық және шетелдік зерттеушілердің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдары, зерттеушілері, академиялық қауымдастық өкілдері жиналып, Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мен түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлін талқылады.
СНХ:ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ, ЖОШЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Шоқан Уәлиханов өз заманында елі үшін зор еңбек қалдырып кетті. 30 жасқа толмаған болашақ ғалым Қазақстан тарихын зерттеуге зор үлес қосты. Оның идеясы сол кездің өзінде ескі тарихи көзқарасты басып озды. 1850-60 жылдары жазған еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Көпшілігі оның маңыздылығын түсіне бермейді. Ол еңбектерінде жекелеген ережелерді сынға алып, өз тезистерін ұсынған. Біз оны қазір ғана түсініп жатырмыз. Сондықтан бұл тезистердің дұрыс тығын ескере отырып,оны алдымен мектептің білім беру жүйесіне енгізуіміз керек. Сонымен қатар мектептің мемлекеттік білім беру стандартына қосуды да қажет етеді.
РКС: Конференция соңында университет ректоры Марат Сырлыбаев жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесінің шешімімен Жошы Ұлысын тарихын зерттеу институтының директоры, PhD докторы Жақсылық Сәбитовке Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Құрметті профессоры құрметті атағын табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ