ДИКТОР: «AMANAT» партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының өңірлік филиалы мен облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы киберволонтерлік жөніндегі меморандумға қол қойды. «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында белсенділер әлеуметтік желілерде есірткі таратуға қатысты заңсыз әрекеттерді анықтауға мониторинг жүргізеді.
ИНТЕРШУМ:
ДИКТОР+ВИДЕО: Киберволонтерлер есірткінің зияны мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тәсілдері туралы ақпараттылықты арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тәртіп сақшылары мен киберволонтерлер арасында пікір алмасылады.
СНХ: ВЛАДИСЛАВ ПИСАРЕВ, ЖЕДЕЛ ЖАСТАР ЖАСАҒЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Осы сәттен бастап біз есірткі сатушыларға қатысты киберқауіпсіздікті анықтаймыз. Жедел жастар жасағының жауынгері ретінде қолымнан келген амалдың бәрін жасаймын. Қазір есірткі жарнамасы тым көбейіп кеткен. Сондықтан бұл індетпен жаппай күресуіміз қажет.
СНХ: ДАРХАН ДОСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Полиция қызметкерлерімен бірге «Жастар рухының» волонтерлері заңсыз контентті, атап айтқанда есірткі заттарының жарнамасын анықтамақ. Сондай-ақ есірткі таратушыларды, басқа да лауазымдарға, дәлірек айтсақ, ескірткі қылмысына қатысты жұмысқа орналасу туралы хабарландыруларды бірге іздестіреді.