ДИКТОР: Берекелі шаңырақ - мықты мемлекеттің іргетасы. Отбасының татулығы берік болса, еліміздің де керегесі кең болмақ. Сондай өнегелі жанұяның бірі Көкшетауда тұрады. Соның бірі қазақы қалып пен салт-дәстүрді негізгі ұстаным етіп, 10 бала тәрбиелеп отырған Көңбай әулеті.

РКС: Бұл - Көңбай әулеті. Отбасында 6 ұл, 4 қыз. Өкінішке орай, 1 ұлы дүниеден озды. Тамыры тереңге жайылған әулетте бүгінде дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым мен өндірістік саланың мамандары еңбек етеді. Елге танымал мәдениет қайраткері де осы отбасының мүшесі.

СНХ: АМАНБЕК КӨҢБАЙ, ОТБАСЫНЫҢ КЕНЖЕ ҰЛЫ: Енді мен осы әулеттің ең кенжесі боламын. Әкем менің қолымда. Ең үлкен ағамыз Астана жақта тұрады. Ол кісі инженер болған. Қазір 70-ке келіп қалды. Төлеубек деген ағамыз театрда жұмыс істейді. 3 апайым бар және 1 қарындасым бар. Ол Қосшы қаласында мәдениет саласында. Ал, 2 апайым Моңғолияда тұрады. 1-і Талдықорғанда тұрады. Ол кісілер пенсионерлер. Сол үлгі отбасылардың санатына кіріп, үлкен мәртебеге жетіп жатырмыз.

РКС: Отбасының темірқазығы Көңбай ата 94 жаста. Абыз ақсақал өзінен тараған ұрпағынан 38 немере, 45 шөбере сүйіп отыр. Ұрпағының жоғары білім алып, отау құрып үлгі отбасы болғанын қалайды. Дастархан басына жиналған сайын өсиетін айтып отырудан жалыққан емес. Балаларының амандығын ғана тілеп отырады.

СНХ: КӨҢБАЙ ҚЫДЫРЖАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Баладан көмек керек жоқ. Өзімнің пенсиямнан 100 мың теңге аламын. Балаларымнан басқасы осы кенже ұлым асырап отыр ғой. Келін екеуі. 6 ұлдын басқасында бәрінің үйі бар. Қыздың бәрінің үйі бар.

СНХ: КӨҢБАЙ ӘУЛЕТІНІҢ ҰЛЫ МЕН КЕЛІНІ: Тәрбие деген енді тал бесіктен дейді ғой. Мынау шаңырақта тұқымымызда қандай тәрбие болды, сондай тәрбиені өсіп келе жатқан ұрпақ алып жатыр деп ойламаймыз. Айтып емес, үлгі көрсетіп өзіміз солай болуға тырысамыз. Жаңағы ең басты мен айтамын адал еңбекпен табыс табыңыздар. Мүмкіндік болса халыққа қызмет етіңіздер. Үшінші, жаңағы отбасыңызға адал болыңыздар деп көбіне әңгіме барысында болсын, өмірден көрген, кітаптан оқығандарымызды солай бөлісіп отырамын ашық жүзде. Ал, сүйт-бүйт деп бұйрық бермеймін.

РКС: Қазақы дәстүрдің қаймағы бұзылмаған отбасы. Балаларының сана-сезіміне ұлттық мінез бен бүтін болмысты сіңіре алған отбасыдан ғана елім деген ұрпақ шығады. Көңбай әулеті салт-дәстүрді ұрпақтар сабақтастығымен жалғап келе жатыр.

СНХ: КӨҢБАЙ ӘУЛЕТІНІҢ ҰЛЫ МЕН КЕЛІНІ: Өзім әжемнің қолында өстім. Одан кейін жаңағы жолдасымның әжесін көріп өстім. Ол кісілердің басты құндылықтары салт-дәстүрді сақтау. барлық жағынан. Жаңағы малға қатысты болсын, береке-бірлік деген сияқты. Салт-дәстүрдің ішіндегі жаңағы ою өрнек. Барлығына назар аударылады. Ешқайсын да назардан тыс қалдырмадық. Соңы көріп өстік та, жалғастырып та келеміз. Ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тырысамыз.

РКС: Бұл отбасының бір ерекше ұстанымы – кез келген істі жасардың алдында жанұямен ақылдасып отыру. Бір бірінің пікірімен санасып отырып, ортақ шешімге келеді. Сүттей ұйып отырған шаңырақ өскелең ұрпаққа адал еңбек, салауатты өмір, біреудің ала жібін аттамау сынды қасиеттерді қалыптастырып, салт-дәстүрді көздің қарашығындай сақтаушы етіп тәрбиелеуді басты назарға қойған.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ