ДИКТОР: Былтыр Қорғаныс Министрлігі әскери борышын өтеген сарбаздарға тегін білім алу мүмкіндігін беретін «Срочник 2.0» жобасын іске қосты. Бұл жоба аясында Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде міндетті әскери борышын өтеп жатқан 34 сарбаз білім грантына ие болды.

РКС:Конкурстық іріктеуде 745 балл жинап, білім грантына ие болғандардың бірі – Алдияр Бекенов. Ол Қарағанды қаласының тумасы. Жақында Отан алдындағы азаматтық борышын аяқтайды.

СНХ: АЛДИЯР БЕКЕНОВ, САРБАЗ: «Срочник 2.0» бағдарламасы аясында жоғары оқу орнына сертификат ұтып алдым. Әскери борышымды өтеп болғаннан кейін өзімнің туған жерімде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне түсемін. Бізге осындай мүмкіндік ұсынып отырғанына мен өте қуаныштымын.

РКС: «Срочник 2.0» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қорғаныс министрлігіне білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы азаматтарды әскери қызметке тарту үшін ынталандыруға бағытталған. Оның басты артықшылығы – әскерде жүрген сарбаз емтихан тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады.

СНХ: ТАЛҒАТ МІНАЙДАРОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Жауынгерлік дайындық бағдарламасын орындауы, әскери борышын өтеу кезінде сарбаздың алдына қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы, сонымен бірге жеке тәртібі де іріктеу кезінде ескеріледі. Аталған бағдарлама азаматтардың ел алдындағы әскери борышын орындауға ынталандырады. Екіншіден, сарбаздардың ата-аналарына да зор қолдау. Өйткені, жоғары оқу орнында оқу ақысы өте қымбат. Сондықтан қаржылық жағынан үлкен демеу.

РКС: Биыл Ұлттық ұланның әскери бөлімінен 340 сарбаз конкурсқа қатысып, соның 34-і тегін білім алу грантын иеленді. Жоғары оқу орындарына жолдама алған үздік сарбаздарға сертификат табысталды.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ