ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімнің құрылғанына - 29 жыл. Атаулы датаға орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, әскери бөлімде салтанатты шара өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Әскери бөлім Көкшетауда 1995 жылдың қыркүйегінде Ішкі істер Министрлігіне қарасты болып құрылған. Ал, 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы құрамына кірді. Әскери қызметшілер көшелерге патрульге шығып, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар орын ала қалған сәтте де алдыңғы саптан көрінеді.

СНХ: ЖӘНІБЕК СӘРСЕНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы қысқа уақыт болса да тарихта біздің әскери қызметшілер үлкен жетістіктерге жетті. Әскери бөлім талай рет Елордада қоғамдық қауіпсіздік қызметін атқарды. Барлық әскери қызметшілерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

РКС: Шара барысында әскери қызметшілер, сала ардагерлері және сарбаздар арнайы төсбелгімен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АҚИЫҚ ШОҚАНОВ, АРДАГЕР: Мен бұрын мына частьқа 5-ші адам болып келгенмін. Енді ашылғанына 29 жыл болып қалды. Аллаға шүкір. Частьтарымыз өсе берсін. Жігіттеріміз нағыз жауынгер болсын.

РКС: Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700 сарбаз қазір Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Әскери бөлімнің сарбаздары тек қоғамдық тәртіпті бақылап қана қоймай, облыс аумағындағы түзету мекемелерін де күзетеді.

СНХ: ЖАНДАРБЕК БЕЙБІТОВ, САРБАЗ: Осы 5510 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақырылдым. 1 жылдық әскери борышымды абыроймен өтеп шықтым. 5510 әскери бөлімі өте жақсы. Барлық жақтан 1-ші орында десем де болады. Мен 5510 әскери бөлімінде әскери борышымды өтегеніме өте қуаныштымын.

РКС: Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРПШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ