ДИКТОР: Облыс аумағында алдағы күндері ауа райының күрт нашарлауы мүмкін. Қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ болады. Сондықтан, алыс жолға шығуды тоқтата тұрған абзал. Тәртіп сақшылары да жолда абай болуға шақырады.
РКС: Облыс аумағында бүгін қалың қар жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Ауа температурасы қатты суыған жоқ. Соның салдарынан жауған қар күрт еріп, жолдарда жүру мүмкін болмай қалды.
СНХ: ӘДІЛБЕК СҰРАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Осы күндері ауа райының нашарлауына қар, боран, жауын-шашынның түсуіне байланысты жолдарда көктайғақ пайда болады. Сондықтан Ақмола облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерге ауа райының өзгеруіне байланысты қысқы кезеңге дайын емес көлікті басқарудан бас тартуды, сондай-ақ ұзақ сапарларға көлік жүргізуден бас тартуды ұсынады. Көлігіңіздің техникалық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Көлікті басқару кезінде жылдамдықты сақтаңыз, өйткені жылдамдықты асыру ауыр зардаптармен жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруға жол береді.
РКС: Ал синоптиктер ауа райы күрт өзгере қоймайды деп отыр. Тек қатты жел тұрып, біршама қыиндық туындауы мүмкін екенін айтады.
СНХ: ЛАРИСА ГОНЧАРОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Солтүстік-Батыс циклоны шығысқа қарай жылжып, жауын-шашынды және кей жерлерде боран болды. Бірақ, бүгін түнде қалыпқа келеді. Қарашаның 22-сінен бастап Сібір антициклоны облыстың аумағына жетіп, аздаған жел тұруы ықтимал. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей өңірде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы күрт өзгере қоймайды. Түнгі уақыттарда шамамен 5-10, күндіз 0-ден 5 градусқа дейін төмен болады.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, жолға шықпас бұрын әсіресе қыс мезгілінде ауа райы болжамына назар аударып, ұялы байланыс операторлары арқылы жіберілетін хабарламаларды ескерген абзал.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.