ДИКТОР: Трансплантация және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың мамандары ақмолалық медициналық қызметкерлер мен студенттерге донорлықтың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Қазір Қазақстанда ағзаны трансплантациялауға 4080 адам кезекте тұр. Оның 102-сі бала. Көбі бүйрек трансплантациясына мұқтаж.
РКС: Елімізде 2012 жылдан бері қайтыс болғаннан кейінгі орган донорлығы бағдарламасы жұмыс істейді. Көзі тірісінде келісімін берген кез-келген азамат донар бола алады. Ал қайтыс болған жағдайда марқұмның туысқандарының рұқсаты қажет.
СНХ: ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ТРАНСПЛАНТТАУДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Туыстық донорлық, бұл жұптасқан орган. Яғни, егер науқастың туысы өз бүйрегін берсе, кейін өзі де орган трансплантациясына мұқтаж болуы мүмкін. Ал қайтыс болған адамның ағзалары көптеген жанның өмірін сақтап қалады. Мәселен, әр донор 7 адамға өмір сыйлайды.
РКС:Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, көз, ұйқы безін трансплантациялау жүргізіледі. Ақмола облысы ағза донорлығы бойынша алдыңғы қатарда. Екі адам донор болып, 10 науқасқа өмір сыйлады.
СНХ:ЛӘЗЗАТ ӘШІМОВА, ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ: Қайтыс болғаннан кейінгі ағзаны трансплантациялау- бұл игі іс. Өйткені адам тірі кезінде өз органын немесе ағзаның бір бөлігін берсе, өзі де мүгедек болып қалуы мүмкін. Біз "Өмір сыйла" ұранынын ту ете отырып, өзгенің өмірін құтқарамыз. Қайтыс болған бір адам, 7 адамның өмірін құтқарады. Көбіне ағза донорлығына балалар мұқтаж. 200-ге жуық науқасқа бүйрек, жүрек, бауыр органдары қажет. Көз донорлығына кезекте тұрған мұқтаж жандар да бар.
РКС: Айта кетейік, әрбір кәмелетке толған азамат өз ағза мүшелерін қайтыс болғаннан кейін басқа мұқтаж адамға беру мәселесі бойынша келісімін немесе бас тарту туралы шешімін емханада, сондай-ақ eGov.kz электрондық порталында тіркей алады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ