ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде этникалық немістер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Шет тілдері кафедрасында бірнеше жылдан бері арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Оның аясында студенттер білім гранттарын алады. Іс жүзінде ол қалай жүзеге асырылуда? Тілшіміз баяндайды.

РКС: Этникалық немістерді қолдау бағдарламасы халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Түпкі тегі неміс ұлтының студенттері оқу ақысының шығындарын өтеуге, сондай-ақ шетелде білім алмасу бағдарламаларына қатыса алады.

СНХ: ЛӘЗЗАТ БӘЙМЕНОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: «Возрождение» қоғамдық қорының арқасында біздің оқу орнында 9 жылдан бері «2 шет тілі» бағдарламасы бойынша оқуға гранттар бөлініп келеді. Алғашқысы неміс тілі, екіншісі ағылшын тілі немесе қытай тілі. Оны студент өзі таңдайды. Бағдарлама түпкі тегі неміс ұлтының балаларына, яғни этникалық немістерге арналған. Қаржыландыру Германиядан келеді. Қанша ұрпақ сабақтастығы болғаны маңызды емес. Тіпті бізде ұлы әжесі неміс ұлтынан болған балалар бар. Тек оны құжат арқылы дәлелдесе жеткілікті. Грант арқылы тегін оқиды. Ең бастысы шекті баллдан кем болмауы керек.

РКС: Мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі - төртінші курс студенті Никита Балгару. Оның айтуынша, бағдарламаға қатысу оның өмірі мен білім алу кезеңіндегі маңызды қадам болды.

СНХ: НИКИТА БАЛГАРУ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен «Возрождение» қорының гранты бойынша оқып жатырмын. Сондай-ақ неміс жастары клубының белсенді мүшесімін. 3 рет «Диадея» бағдарламасы бойынша Германияға барып тәжірибе алмастым. «Зодиак» неміс жастар клубының театр ұжымы бар. Ол жердегі театр студиясымен біз республикалық байқауда жеңімпаз атанып, неміс тілді театрлардың фестиваліне Хорватияға барып келдік.

СНХ: ӘСЕМ БАҚЫТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мамандығым неміс және ағылшын тілі мұғалімі. Біздің кафедра студенттерге көптеген мүмкіндіктер береді. Солардың бірі тіл үйрену мүмкіндігі. Біздің кафедраға түсу арқылы студенттер тек қана неміс тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін немесе қытай тілін үйрену мүмкіндігін алады. Сонымен қатар біздің университет академиялық құрылық мамандығы бойынша басқа да өңірлерге бару мүмкіншілігін береді.

РКС: Бағдарлама алдағы оқу жылында да жұмысын жалғастырады. Университеттің шет тілдері кафедрасында оқитын түпкі тамыры неміс ұлтының студенттері грантқа қатысуға өтінім бере алады.

АЯЖАН ӘЛКЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ