ДИКТОР: Қазақстанда шілденің бірінен бастап аймақаралық мәртебесі бар кассациялық соттар жұмысын бастады. Бұл сот жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі. Жаңашылдық әділдіктің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
РКС: Кассациялық соттар — төмен тұрған соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне қатысты арыз-шағымдарды қарайтын сот сатысы. Олардың негізгі міндеті — алғашқы және апелляциялық сатыда судьялар қабылдаған сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру. Жаңа нормаларға сәйкес сот шешімдері мен алғашқы сатыдағы айқындамалар тек апелляциялық шағым жасау мерзімі өткеннен кейін ғана заңды күшіне енеді. Бұл ретте апелляциялық қаулы шешім шығарылғаннан кейін бірден күшіне енеді.
СНХ: ГАУХАР НҰРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 2024 жылдың 24 қарашасында кейбір заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң қабылданды. Оның ішінде ҚР әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодекске өзгеістер енгізілген. Тараптар кассациялық шағымды 6 айдың ішінде беруге құқылы. Міндетті түрде заңды күшіне енген сот актісіне кассациялыққ шағым беріледі. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 сатының шешімі және ұйғарымы аппеляциялық сатыдан өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Одан басқа аппеяциялық қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді. Егер де бұрын аппеляциялық шағым аппеляциялық сатыдан өткеннен кейін кассациялық сатыны өту міндетті болған. Егер кассациялық өткеннен кейін тек содан кейін заңды күшіне енген.
РКС: Айта кетейік, бұрындары шешімнің күшіне енуі үшін кассациялық сатыдан өту міндетті болатын. Қазір, апелляциялық кезеңнен соң, сот актісі соңғы деп есептеледі және ол орындалуы шарт.
СНХ: ГАУХАР НҰРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Одан басқа тараптар БАЖ төлеуге міндетті. Бұл БАЖ-дың мөлшелері салық кодексімен белгіленген. Касссациялық соттар азаматтық істерді қарайтын кассациялық соттар ашылған және қылмыстық істерді қарайтын кассациялық соттар ашылған 1 шілдеден 2025 жылдың. Бұндай өзгерістер сот тәжірибесін өте жоғары деңгейден көрсетеді және оңтайландырады деп ойлаймыз.
РКС: Бұл өзгерістер ең алдымен сот тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ашықтықты, құқық қолданудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, жаңа тәртіп Жоғарғы соттың жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Осылайша негізгі назар құқық қолданудың негізгі мәселелеріне аударылуда.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ