ДИКТОР: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Ақмола облысындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың арасынан үздік шыққан оқу ордасы. Болашақ мұғалімдердің ордасында жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды. Бұл – тек құжат жинау кезеңі емес, үлкен өмірге бастар алғашқы қадам.

РКС: Қазақ педагогикасының қара шаңырағына айналған бұл колледж сан мыңдаған түлектің арманына қанат бітіріп келеді. Биыл да оқу орнына түсем дейтіндердің қатары көп. Білімге құштар жастар педагог болуға ынталы. Білім мен тәрбие саласында терең тамыр жайған бұл оқу орны – болашақ мұғалімдерді дайындайтын іргелі білім ордасының бірі. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін электронды түрде тіркелу мүмкіндігі де ұсынылып отыр.

СНХ:САЛТАНАТ ШӘРІПОВА, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 2025-2026 оқу жылына 330 талапкерді мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау жоспарланып отыр. Талапкерлерге төрт мамандық пен төрт колледжді таңдауға мүмкіндік берілген. Байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша емтихан диктант жүзінде жүргізіледі. Ал,музыка, дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өтетін болады. Колледжге қабылдау кезінде ҚР оқу-ағарту министрінің 261 бұйрығына сәйкес квота көзделген.

РКС: Мұғалім болам деген жастарға мұнда жан-жақты қолдау көрсетіледі. Колледж биыл 32-ші түлекті шығарды. Осы кезге дейін 10 мыңға жуық маман қолына диплом алды. Колледж 8 мамандық, 14 біліктілік бойынша даярлайды.

СНХ:ЖАНСАЯ ӘЛІБЕК, ТАЛАПКЕР: Осы колледжді таңдау менің арманым болды. Бұл менің таңдауым. Мен мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту факультетін таңдадым.

РКС: Оқу ғимараты жанында 360 және 300 орынға лайықталған екі студенттер үйі орналасқан. Бала тәрбиелеу – жауапты іс. Күлзира Кәкей қызы Зейнептің құжатын тапсыруға келіпті. Кезінде өзі де, зайыбы да осы оқу орнын тәмамдапты. Бұл оқу орны бүгінде отбасылық білім ошағына айналып отыр –дейді ол.

СНХ:КҮЛЗИРА КӘКЕЙ, ТАЛАПКЕРДІҢ АНАСЫ: Өзім оқыдым, жолдасым оқыды. Одан кейін Жәмелақын Алмас үлкен ұлым қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді. Жәмелақын Ілияс ағылшын тілі мамандығын бітірді. Мұғалім болып қазір қызмет етеді. Биыл мінекей 2025 жылы осы Жәмелақын Зейнеп қызымызды қазақ тілі және әдебиет пәніне осы оқу орнына 9-сыныптан кейін әкеліп тұрмыз. Біздің осы негізгі осы колледжді таңдаған себебіміз фундамент, білімнің негізгі түпнұсқасы өте жақсы беріледі.

РКС: Тәуелсіз Қазақстанның болашағын тәрбиелеуде, өскелең ұрпақтың үлкен өмір жолына бағыт-бағдар беру – ел болашағы үшін маңызды. Әр адам өзі білім алған алтын ұясымен мақтанады. Сондай беделді оқу ордасы. Ж. Б. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі білімнен бөлек, өмірлік ұстаным қалыптастыратын киелі мекен. Айта кетейік, құжат қабылдау тамыздың 10-на дейін жалғасады.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ