ДИКТОР: Ақмола облысында «СК Фармацияның» дәрі қоймасы жоқ. Бұл өңірге дәрі-дәрмектерді тұрақты әрі уақытылы жеткізуге кері әсерін тигізіп отыр. Одан қалды облыста 8 дәрі-дәрмек бойынша дефицит анықталды. Тұтыну көлемінің аздығына байланысты бірыңғай дистрибьютор аталған препараттарды биыл сатып алмаған. Осы және өзге де түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында өңірге «СК Фармациясының» төрағасы Нұрлыбек Асылбеков арнайы келді.

РКС: Биыл «Viamedis» ұйымы 1,7 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 270 аталымы бойынша тапсырыс берді. Қосымша қажеттілік ретінде тағы 262,2 млн теңгенің өтінімін жолдаған. Бүгінде жылдық көлемнің 80%-ы жеткізілді. Алайда, емделушілер тегін дәрі-дәрмекті уақытында ала алмайтынын айтып шағым түсірген. Мәселен, зейнеткер Майра Қарашева тегін дәріге қол жеткізу үшін бірнеше күн қатарынан кезек күткенін айтады.

СНХ: МАЙРА ҚАРАШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: учетта тұрмын, давление. Давлениеден эндопомит алам, бисепролол, стопресс. Халық көп тұрады. сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі кісі деген көп болды. очередьте тұрып, алдық соны болмай қалады, ия. әлі үш дәрімді ала алмадым.

РКС: Бүгінде бірыңғай дистрибьютор амбулаторлық дәрілерді орташа айлық тұтыну көлеміне қарай жеткізу бойынша пилоттық жобаны қолға алды. Енді қалдықтарды есепке ала отырып, емханаларда екі айлық қор болуын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, өңірде дәрілерді сақтау қызметтерін жүргізуге байқау жарияланды. Сатып алушы анықталмаса, қойма мәселесін шешудің өзге жолын қарастырмақ. Ал, «Viamedis»-тегі наразылықтың туындауына емхананың дәрі-дәрмекті үш айда бір рет жіберуі себеп болған.

СНХ: НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ «СК ФАРМАЦИЯ» ЖШС-нің БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Ай сайын дәрілік заттар әкелініп тұрады «Viamedis»-ке. Екінші мәселе, пациенттерге жіберу дәріханадан. Сол мәселеге де тапсырма берілді. Денсаулық сақтау басқармасы қолдау берді. Соған байланысты қазір бір емес, екі жерден жіберу.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ