ДИКТОР: Екі жыл ішінде облыс аумағында алты қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Екі мыңнан астам қатысушы түрлі пирамидаға 415 миллион теңге салған. Ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылып, заңсыз алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
РКС: Биыл қаржы пирамидаларының қызметін тоқтату жұмыстары жалғасуда. Бүгінде осындай төрт құрылымның жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Аталған құрылымдарға 2 мыңнан астам азамат қатысып, 1 миллиард теңгедей қаражат салған.
СНХ: СӘКЕН МҰШАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «BuyersUnion»-ға 7 қатысушы 8 миллион теңге салған. «S-Group» бойынша 59,8 миллион теңге салған 25 қатысушы анықталды. Наурыз айынан бастап Көкшетау қаласында «Lemon» қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл құрылымға 34,5 миллион теңге салған 100 қатысушы анықталды. Былтырғы сәуір мен биылғы қаңтар айлары аралығында Щучинск, Степногорск және Атбасар қалаларында «AsarBaspana» өндірістік кооперативі пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырған 12 адамның әрекеті әшкереленді. Аталған пирамидаға шамамен облыстың 2 мың тұрғыны қатысып, 980 миллион теңгеден астам қаражат салған.
РКС: Алдын алу шаралары аясында заңсыз аккаунттар мен чаттарды, сондай-ақ күмәнді пирамидаларды жарнамалайтын сілтемелерді бұғаттау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
СНХ: СӘКЕН МҰШАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде 2 мыңға жуық қатысушысы бар 8 чат пен қаржы пирамидаларына тиесілі аккаунттарды бұғаттады. «Кибербақылау» ақпараттық жүйесіне қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын заңсыз контентке сілтеме жасаған 400-ден астам материал бұғаттауға енгізілді, олардың 396-сы бұғатталды, қалғандары уәкілетті органмен келісу сатысында.
РКС: Мамандар жеңіл ақша болмайтынын ескертеді. Инвестиция салмас бұрын компанияның заңды мәртебесін тексеріп алғаны жөн.Қай кезде де сақ болу қажет. Қаржылық қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ