ДИКТОР: Мемлекеттік қызметке енді келген жастарға осы сала ардагерлерінің ақыл-кеңесі өте маңызды. Осыған орай тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

РКС: Тәлімгерлер кеңесінің мүшесіне бұрын мемлекеттік қызметте еңбек еткен ардагерлер кіреді. Олар мемлекеттік қызметке жаңа тағайындалған жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мен бейімделуіне жәрдемдеседі. Сондай-ақ кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге біршама ықпал етеді.

СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Тәлімгерлер кеңесі мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар басшыларына практикалық көмек көрсету мақсатында департаменттің бастамасымен құрылған болатын. Отырыстарда пікір алмасу ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың басшылары саланы дамытуға өз көзқарастарымен бөліседі. Ал тәлімгерлер болса, өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесіне негізделе отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына бағыт-бағдар беріп+скл+отырады. Осындай отырыстардың маңыздылығы өте зор.

РКС: Мемлекеттік қызмет-бұл үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші жұмысына адал, халқына жақын болуы тиіс. Сондықтан тәлімгерлерге қойылатын тағы бір міндет-жас маманның бойына тәртіптілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

СНХ:ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ел басқарғаннан кейін әртүрлі жағдайлар болады. Халықтың үніне құлақ асатын үкімет деп айтып жатырмыз ғой. Сол себепті халықтың қандай мұң-мұқтажы бар, басқарғанда бұл енді басқару жалғыз ғана сол саланы емес, бұл үлкен жұмыс, себебі оның артында үлкен ұжым тұрады. Әр азаматтың артында үлкен жауапкершілік тұрады. Сол жауапкершілікті сезінсе екен, сол жауапкершілікті білсе екен. Алдына әрбір келген азаматқа дұрыс көзқараспен қараса екен, оның жағдайына дұрыс түсіністікпен қарап, дұрыс қабылдап, дұрыс шешсе екен деген ниетпен біз өз ақыл-кеңесімізді береміз.

РКС: Шара барысында бірқатар сала басшысы атқарып жатқан жұмыстарын ортаға салды. Білікті әрі тәжірибелі ардагерлерден құралған тәлімгерлер кеңесі өз кезегінде жұмысты тиімді жоспарлауды үйретіп, оңтайлы шешім қабылдауға бағыт –бағдар берді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ