ДИКТОР: Қан тапсыру жауапты әрі қайырымдылық іс. Қыркүйектің үшінші сенбісі Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні аталып өтеді. Бұл күні донорлар қан орталығына келіп, емге мұқтаж жандарға қол ұшын созуға қадам жасайды. Еліміз бойынша жыл сайын 300-ге жуық адам қанға мұқтаж, оның тең жартысы балалар. Қан тапсыру арқылы бір адам ондаған жанның өмірін аман сақтап қала алады.
РКС: Сүйек кемігі доноры болған жандар туралы бар мәлімет ақпараттық платформада сақталған. Бұл тізімге кіру үшін арнайы сауалнаманы толтырып, қан тапсыру шарт. 18 бен 45 жас аралығындағы адамдар донор бола алады.
СНХ: ОКСАНА ГАЛИМСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Донорды аппаратқа қосып, тамырына жалғайды, бір тамырдан қан алынса, екінші тамыры арқылы қан қайта құйылады. Бұл қауіпсіз және жеңіл өтетін процедура. Бірақ қан алғаннан соң, тұмауға ұқсас аурудың белгілері болуы мүмкін.
РКС: Донор болуға әрбір адам келісе қоймайды. Бірақ, мамандардың айтуынша, донор лейкозбен ауыратын науқастар, онкологиялық, гематологиялық, иммун тапшылығы жағдайлары мен қарапайым сөзбен айтқанда қатерлі ісік қан лейкемиясымен ауыратын адамдарды құтқарудың жалғыз мүмкіндігі. Үнемі қан тапсырып жүріп, өзге адамдардың өмірін құтқаруға ат салысып, үлес қосқаныма қуаныштымын, -дейді қан тапсырушы .
СНХ: ПАВЕЛ ШКРЕДОВ, ҚАН ТАПСЫРУШЫ: 2018 жылы колледжде оқып жүрген кезімде алғаш рет қан тапсырдым. Ол кезде оған аса мән берген жоқпын, бастысы оқуға бармау үшін анықтама алу болатын. Бірінші рет тапсырғанымда еш қорқыныш болған жоқ. Содан бері әр 2 ай сайын жүйелі түрде тапсырып келемін. Былтыр қан орталығының парақшасында сүйек кемігі доноры керек екені жайлы оқыдым. Өзгеше болатын шығар деп ойлаған едім, бірақ бәрі әдеттегідей процедура екен. Сауалнама толтырдым. Содан кейін қоңырау шалып, бәрі жақсы, сіз біздің тіркелімдесіз деп хабарлады. Менің ойымша, қан тапсырып тұру қажет. Адамның өмірін құтқарып қалу, әсіресе тізілімде болу өте керемет сезім, көп адамға тек бір донор ғана сәйкес келеді.
РКС: Донор болу-адамға жаңа өмір мен болашаққа деген сенім сыйлау. Қан орталығының мамандары жыл сайын донор боламын дейтін ниеттілер санының артып келе жатқанын айтып отыр.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ