ДИКТОР: Ақмола өңірінің тумасы Давид Дегтярев XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен алтын медаль еншіледі. Осылайша жерлес спортшысы ел тарихында алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бүгін қазақ елі Паралимпиада чемпиондарын Елорда әуежайынан қарсы алды. Олардың арасында біздің жерлесіміз де бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген спортшы. 2024 жылғы Паралимпиадада пара пауэрлифтингке қатысқан 10 спортшының ішінде Давид финалда ең жақсы нәтиже көрсетті. Оның 188 келі штанганы көтерген соңғы әрекеті есепке алынды.

СНХ: ДАВИД ДЕГТЯРЕВ, ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ: Маған қолдау көрсеткен әрбір қазақстандыққа алғысым шексіз.Сіздердің қолдауларыңыз мені осындай биік белесті бағындыруыма жібер берді десем болады. Сайысқа келсем, оңай болған жоқ, Бәсекелестік мықты болды. Десе де, белесті бағындырдық. Тағы да баршаңызға алғыс айтамын.

РКС: 28 жастағы Давид Дегтярев Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласының тумасы. 2017 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Естеріңізге сала кетейік, Давид бұған дейін Токио ойындарында да жеңіске жеткен болатын. Паралимпиададағы екі жеңісінен басқа, Давид Азия ойындарының чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.