ДИКТОР: Былтыр облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 690 әкімшілік іс қозғады. Айыппұл түріндегі жаза 190 млн.теңгеден астам. Осылайша, әкімшілік өндірістер 76,5 процентке өсті.
ДИКТОР+ВИДЕО: Бурабай ауданындағы демалыс базасының біріне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тамақтан улану туралы бірден шұғыл17 хабарламаның түсуі себеп болған. Тексеру қорытындысы бойынша ұйымға ұйғарым берілді. Ұйғарымда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін демалыс орны оны орындағаны туралы ақпарат берді. Көкшетау қаласындағы қайырымдылық мекемелерінің біріне қатысты профилактикалық бақылау тізімі бойынша тексеру де жүргізілген еді. Оның барысында санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ болып шықты. Өзге де бұзушылықтардың бары анықталды. Тексеру қорытындысына сәйкес орындау мерзімі көрсетілген ұйғарым берілді. Алайда мекеме оны елемеген. Іс сотқа жіберілді. Мекемеге 369 200 теңге айыппұл салынды.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Профилактикалық бақылаудың екі түрі бар. Біріншісі-нысанға бармай-ақ профилактикалық бақылау, яғни бұл мамандармен жүзеге асырылатын талдау, мысалы, рұқсат құжаттарының болуы. Талдау жүргізілуде, рұқсат құжаттары жоқ нысандар, яғни эпидемиологиялық маңызы мейлінше аз нысандар үшін-бұл хабарлама, эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды. Талдау жасалғаннан кейін нысан рұқсат құжатын алуы керек деген ұйғарым беріледі. Егер нысан ұйғарымды орындамаған жағдайда, онда ол келесі жылы сол мекемеге бару арқылы кәсіптік бақылауға жататын нысандар тізіміне ілігеді.