ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет көп балалы аналарға арналған жаңа жылдық бал өтті. Жылылық пен мерекелік көңіл-күйге толы шарада шаңырақ ошағын сақтаушы ғана емес, өзгелерді де үлгі тұтып жүрген 80-ге жуық көпбалалы ана бас қосты.

РКС: Бал көпбалалы аналар үшін күнделікті күйбең тірлікке үзіліс жасап, кеште өздерін нағыз ханшайымдай сезіне алды. Нәзік жандылар кешкі салтанатқа арналған көйлектерін киіп, қызыл кілеммен жүру құрметіне ие болды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МИРА ЫСҚАҚОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Бүгін міне облысымызда, соның ішінде Көкшетау қаласында, көп балалы аналарға арналған керемет кеш болып жатыр. Бұл, айтуға болады, республика бойынша біздің бастама бірінші деп айтуға болады. Алтын құрсақты аналар, көп балалы аналар соның ішінде қаншама сәбиді өңірге әкеліп, оларды тәрбиелеп алтын құрсақты аналарымызға денсаулық тілеймін. Отбасыларына амандық тілеймін!

СНХ: ӘСЕМ БАЙМҰҚАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Бүгін бізге тарихи оқиғаның куәсі болу бақыты бұйырды. Көкшетау қаласында көпбалалы аналарға арналған алғашқы жаңа жылдық бал өтті. Бұл шара дәстүрге айналса екен деймін.

РКС: Шара нәзік жандылардың еңбектері, махаббаты мен шыдамдылығы үшін құрмет пен алғыс білдіруге бағытталған. Облыс орталығындағы көп балалы аналар құрметке лайық. Өйткені олар көпке үлгі. Жаңа жылдық бал соның айқын дәлелі.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қаламызда бірінші рет көп балалы аналарды жинап, жаңа жылдық бал ұйымдастырып жатырмыз. Жаңа жылдың алдында барлық аналар өзінің отбасын, балаларына мереке сыйлап, сыйлық жасап, ал өздеріне ешкім сондай мереке жасаған жоқ. Біз енді дәстүр ретінде келесі жылы да басқа қалалрда осындай ұсыныс жасап жатырмыз. Осындай мереке көп балалы аналарға ұйымдастырылсын,ол аналарға беретін сондай мықты мотивация.

РКС: Мерекелік шара би мен жергілікті әртістердің өнеріне ұласты. Шара соңында барлық қатысушы естілік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ