ДИКТОР: Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы орайда бүгін Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицейінде 130-ға жуық жас маман мұғалім тәлімгерлермен кездесті. Айта кетейік, бүгінгі жиынға Астанадан әлемдік деңгейдегі танымал спикерлер де шақырылды. Шара барысында сұрақ-жауап ретінде пікір алмасты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қаладағы 22-ші орта мектептің бастауыш сынып және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері шараға қатысып, қажетті ақпарат алды. Қос жас маман ұстаздық жолды бала кезден армандаған. Бүгінде өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында еңбек етуде. Сондықтан да, жас мамандарға дұрыс бағыт-бағдар беретін жиындардан қалмауға тырысады.

СНХ: НҰРТАЙ УӘЙІС, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Ағылшын тілі әлемдік тіл болғандықтан, осы салада өзімнің орнымды табамын деген ойдамын. Іс-шарада жас мамандарға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Яғни, бізге келіп отырған 2 қонағымызда білім беру саласында өте үлкен жаңалық жасаған және де білім саласында өздерінің орындары бар айшықты адамдар. Яғни, олардың бізге берген өмірлік тәжірбиесі, оқу үрдісінде қандай тиімді әдістерді қолдану тағы басқа +скл+жас мамандар үшін өте құнды ақпарат.

СНХ: ГҮЛНҰР ҚАЙЫРЖАНОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Жас мамандарға білім бөлімінен болсын, мектетен болсын қолдау өте жоғары. Неше түрлі мастер класстар, семинарлар, курстар жүргізіледі, болып жатады. Бүгінгі "Тәлімгерге 100 сұрақ" іс-шарасы біз сияқты мұғалімдерге үлкен қолдау, үлкен тәжірбие алмасу деп есептеймін.

РКС: Бүгінде білім саласында кәсібилік деңгейі жоғары мамандарды дайындау қаншалықты өзекті болса да, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейтесті мәселе. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - тәлімгер ұстаздардың тәжірибесі.

СНХ: РАИСА ЖАНҒАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 2024-2025-шы оқу жылында біз қалалық білім бөлімінің бастамасымен "Тәлімгерге 100 сұрақ" деген үлкен жоба бастаған болатынбыз. Жас мамандарға қолдау көрсету, оларға тәлімгер бола алатын жақсы мамандарды тауып, кездестіріп, толғандырған сұрақтарына жауап алуды қамтамасыз ету үшін осы шараны бастадық.

РКС: Алдағы уақытта қалалық білім бөлімі Алматы қалалық білім бөлімімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тәлімгерлерді тартуды жоспарлап отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ