ДИКТОР: Ақмола облысы алтын өндіруде еліміз бойынша көш бастап тұр. Аймақтағы кәсіпорындар Қазақстандағы құрамында алтыны бар кеннің 60, алтынның 30 процентін өндіреді. Осылайша, тау-кен-металлургия саласы экономиканың маңызды бөлігіне айналып отыр. Шортанды ауданындағы тау-кен байыту кешенінне барған кезде облыс әкімі Марат Ахметжанов осылай деді.

РКС: «Алтыналмас» акционерлік қоғамына қарасты Жолымбет тау-кен байыту комбинаты аймақтың ірі әлеуетінің үлгісі. Бұл кен орнындағы кәсіпорын жыл сайын екі тоннадан астам жоғары сапалы алтын өндіреді. 1200 адам жұмыспен қамтылған. Оның 60 проценттен астамы Жолымбет ауылының тұрғыны. Аймақ басшысы кәсіпорын жұмысымен танысып, кеншілермен кездесті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Президентіміз әрқашан айтып отыр. Жұмыскер, кеншілер, шахтерлар ерекше ол кісінің назарында. Жұмыскерлер жылы деп айтып отыр. Сондықтан енді әрбірлердің отбасыларыңыз бар. Адал еңбекпен тапқан табыстарыңыз бәрі құтты болсын. Сіздерге жақсылық тілейміз.

РКС: Облыста тау-кен өндіру саласы мамандарын даярлау жақсы жолға қойылған. Степногорскідегі тау-кен техникалық колледжі білікті мамандарды оқытады. Оны бітіріп шыққан түлектер ірі кәсіпорындарда еңбек етуде. Осылайша олар аймақ өнеркәсібінің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

СНХ: МЕДЕТ ХАЙРУЛЛИНОВ, ТАУ-КЕН ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР: Тау-кен техникалық колледжінде дуальды оқыту жүйесі болды. Тәжірибе жағына көп көңіл бөлінді. Ол кезде бізді Ақсу және Бестөбе кен орындарына жіберетін. Диплом алғаннан кейін бірден жұмысқа қабылдады. Менің жұмысым Жолымбеттегі тау-кен байыту комбинатындағы тау-кен жұмысын жоспарлау. Қанша өнім өндірілді, қаншасы өңдеуден өткізілді, дайын өнім қанша? Осыны бағамдаймын.

РКС: Ақмола облысы аграрлы өңір ғана емес, сонымен бірге еліміздің индустриалды аймағы. Айта кетейік, облыс аумағында үш алтын және уран өндіріп, қайта өңдейтін екі ірі кәсіпорын орналасқан.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ