ДИКТОР: Көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты дайындық қыза түскен. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі арнайы техниканың мүмкіндіктері мен жеке құрамды жарақтандырудың дайындығы тексерілді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Облыста су тасқынына қарсы шараларды өткізуге төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамында арнайы 20 техника, 2 жүзу құралы және 14 мотопомпа дайын. Сонымен қатар жеке құрамнан 160-қа жуық қызметкер де жасақталған. Арнайы техника мен жеке құрам облыстың су тасқыны болуы ықтимал аудандарына жіберуге дайын.

СНХ: МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін қала аумағында орналасқан бүкіл арнайы техника қойылды. Бұл техника облысымыздың өңірлеріне бөлінеді. Күштер мен құралдарды топтастыру аудандарға жіберіліп, тұрғын үй мен түрлі меншіктегі нысандарды су басуға жол бермеу бағытында құтқару операциялары жүргізіледі.

РКС: Бұланды ауданының Прохоровская-Колоколовская бөгеттерін, Аршалы ауданындағы Анар бөгетін, Жақсы ауданы аумағындағы Чапаевская-1 бөгетін қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ Шортанды ауданында Дамса бөгетінің қақпаларын консервациялау және жаңа қақпа салынуда.

СНХ: ДЖАНЕТ МИКИШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Былтырғы су тасқыны салдары қалыпқа келтірілгеннен кейін биыл су тасқыны қаупін азайту мақсатында Ақмола облысында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру, сондай-ақ аса қауіпті аудандарда өзен арналарын тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған шараларға республикалық бюджеттен, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қаржы бөлінді. Биыл «Демеу Қазақстан қоры» қорының арқасында 6 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлініп отыр.

РКС: Дайындық барысында мотопомпалардың жарамдылығы тексерілді. Сондай-ақ арнайы қапшықтарға салынған азық-түлік, медикаменттер мен басқа қа қажетті заттардың құрамы тексерілді. Айта кетейік, облыста тағы 3 құтқару депосын салу жоспарланып отыр. Бұл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.