ДИКТОР: Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз бойынша биыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, осы салаға жастарды тартуға бағытталған. Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру алға қойылған жоспарлардың бірі. Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Құрылысшы-мәртебелі мамандық. Сәулетті ғимараттар, еңселі нысандар, зәулім сарайлар мен биіктігі аспанмен таласқан тұрғын үйлер осы мамандық иесінің қолтаңбасы десек артық емес. Еркебұлан Байсаловтың осы салаға келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Негізгі мамандығы-заңгер. Бірақ, жалақысы мардымсыз болғандықтан, құрылыс саласына келген. Бұл кәсіпті қажыр-қайраты мол, қиялы ұшқыр адамдар ғана сүйікті ісіне айналдыра алады,-дейді ол. 3 жылдан бері кірпіш қалаушы мамандығының қыр-сырын бір кісідей меңгеріп алған.
СНХ:ЕРКЕБҰЛАН БАЙСАЛОВ, КІРПІШ ҚАЛАУШЫ: Осында 2021 жылы келдім. Дым білмей, ақырын-ақырын үйрендік. Қысы-жазы жұмыс істейміз. Қыста суық, жазда ыстық. Қыста қатты суықта облицовка жүрмейді, только осындай черновой саламыз. Барлығы ойлайды, жұмыс оңай деп. Жұмыс оңай емес. Жалпы жұмыс өзіме ұнайды. Жалқысы оңды болған соң жүрміз. Отбасының қамы ғой. Басқа жерде жетпейді. Стройкада, қара жұмыста кішкене бағалайды. Содан жүрміз.
РКС: Екі баланың әкесі жұмыстан қолы бос уақытын отбасымен өткізгенді жақсы көреді. Еркебұлан өсіп келе жатқан қос ұлының болашағының жарқын болғанын қалайды. Отбасындағы қадірін жұмыста да арттырып жүрген жан.
СНХ: САЙЛАУ АЙТМАҒАНБЕТОВ, ҚҰРЫЛЫС ТОБЫНЫҢ БРИГАДИРІ: Еркебұлан қасымдағы көмекшім. Жұмысты тиянақты істейді. Қасиеті не айтамын, соны істейді. Қазір көбінесе өзім астында жүремін. Ол үстінде жүреді. Көбінесе сол, мініп-түсуім қиын. Және жасым келіп қалды. 3 рет, 4 рет тоқтап мінемін. Жастарда үстіне мінбей-ақ қой, астында команда беріп тұрсаң болды дейді.
РКС: 60 тарта құрылыс маманының басын біріктіріп отырған құрылыс тобында 2 бригада жұмыс істейді. Еліміз бойынша құрылыс мамандарына сұраныс жоғары. Ақмола облысы бойынша осы салаға 2 мыңдай жұмысшы қажет. Айта кетейік, биыл аймақта көпқабатты 34 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл құрыш қолды құрылысшылардың өңір халқына сыйлайтын кезекті тартуы болмақ.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ