ДИКТОР:Көкшетауда Қазақстан халқы тілдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада Тіл саясатын дамытуда айтулы үлес қосып жүрген бір топ тіл жанашырлары марапатталды. Толығырақ әріптесім Жанар Мұқышева баяндайды.

РКС:Мерекелік шара барысындаоблыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алинбарша халықты Тілдер мерекесіменқұттықтады.Сондай-ақ тіл халықтың баға жетпес байлығыекенін атап өтті.

СНХ:АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тіл ұлтымыздың- ұлы қазынасы, халқымыздың рухани қуатының негізі. Ғасырлар бойы талай қиындықты басынан кешірген халқымыздың өз қасиетін жоғалтпай, ұлттық болмысын сақтап қалуына тіліміз тірек болды. Биыл Атырау қаласында өткен ұлттық құрылтайда өткен мемлекет басшысы Қасымжомарт КемелұлыТоқаев тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл Біз үшін мазғымас ұстаным, елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

РКС: Нәтижелі еңбектерімен ерекшеленген ақмолалықтар түрлі номинацияның иегері атанды. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Сәбит Жәмбек Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Қазақстан Республикасында 5-ші қыркүйек Ахаңның, Байтұрсыновтың туған күніне орай Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі деп аталды. Мемлекеттік тілді насихаттауды кәсіпорынның, оқу орындарының, әрбір саланың мамандарының туған тілге қосып отырған үлкен үлестері бар. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы жаңағы жоғары білім министрлігінің тілдер комитетінің марапаты, одан басқа облыс әкімінің «Тіл жанашыры» деген үлкен номинация болды. Әрбір кәсіпорынңа байланысты, мекемеге байланысты, салаға байланысты сол иегерлерінің құттықтауы болды.

РКС: Сондай-ақ «Үздік телебағдарлама» номинациясында облыстық «Көкше» телеарнасының редактор-жүргізушісі Фариза Асылбекова марапатталды.

СНХ: ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ «KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОР-ЖҮРГІЗУШІСІ: Біз бұл облыстық байқауға мамыр айында жұмыстарымызды тапсырған болатынбыз. Соның қорытыныдысы шығып, нәтижесінде менің материалдарым Үздік телебағдарламалар номинациясында жүлдеге лайық деп танылған екен. Осындай азын-аулақ еңбектерімізді бағалап жатқан ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына алғыс айтамын.

РКС: Салтанатты шара мерекелік концерке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ