ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 300-ге жуық арыз-шағым келіп түскен. Олардың көпшілігінің арызы қаралып, 35 млн.теңге көлеміндегі қаражат қайтарылды. Ал, қалған өтініштер қаралу үстінде.

РКС: Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, күнбағыс майы, сүт, шұжық, кондитерлік және басқа да өнімдерден жүйелі түрде сынама алып, сараптама жүргізіп тұрады. Арнайы штабтың қорытындысы бойынша импорттық өнімнің 23 түрі сараптамадан өтті. Оның 14-інде заң бұзушылық анықталды.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Сапалы Өнім" жобасы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы тұтынушылардың құқықтарын қорғап отыр. Оның ішінде азық-түлік емес өнімдердің қауіпсіздігіне назар аудара отырып жүзеге асырады. Ұйым аккредиттелген зертханаларда тауарларға кешенді зерттеулер жүргізеді және азаматтардың хабардарлығын арттыра отырып, нәтижелерді БАҚ арқылы таратады. Облыста сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, газдалған сусын және қол кремі бойынша 17-ден астам зерттеулер жүргізілді.

РКС: Азық-түлікке жатпайтын тауарларға тексеріп жүргізіліп тұрады. Биыл 4 кәсіпкерлік субъектісіне айыппұл түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

СНХ: ЕРЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Зерттеу хаттамаларына сәйкес бұзушылықтар таңбалау бөлігінде, ГМО қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтердің жоқтығы анықталды. Атап айтқанда, бірқатар үлгілерде мемлекеттік тілде тауар туралы деректер жоқ, бұл тұтынушылардың 1-тармақта бекітілген құқықтарын бұзады. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес сатушы тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті, егер ақпарат бір тілде немесе шет тілінде берілсе, ол ұсынылмайды деп есептеледі.

РКС: Тауар жайлы ақпараттың болмауы тұтынушылар үшін өнімді дұрыс пайдаланбау қаупін тудырады. Бұл өз кезегінде жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін,-дейді мамандар. Сондай-ақ, заң бұзушылықтар анықталса, тиісті органдар мен қоғамдық бірлестіктерге хабарласу қажет.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ