ДИКТОР: Бурабай ауданында облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері арасында VI облыстық «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Жарыста аталған саладағы 50-ге тарта бастауыш кәсіподақ ұйымының медицина қызметкері бақ сынасты.

РКС: Облыстық спартакиадаға іріктеу кезеңі ақпан мен сәуір айлары аралығында өтті, оған 3 мыңнан астам медицина қызметкері қатысты. Спартакиада облыстың денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің арасында үздік спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «SENIM» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҒЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық ортада спорттық іс-шараларды одан әрі дамыту, және ең алдымен облысымыздың медицина қызметкерлерінің достық қарым-қатынастарын дамыту. Денсаулық өмірдегі ең маңызды нәрсе. Оны сатып та сата алмайсың. Ақмола облысы спортта белсенді. Бүгінде облыс тұрғындарының 48 проценті спорттық іс-шаралармен айналысып келеді.

РКС: Облыстық спартакиадаға 100-ден астам медицина қызметкері қатысты. Жарыс спорттың 6 түрінен өткізілді.

СНХ: МАРАТ ОСПАНОВ, БАС ТӨРЕШІ: Футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дартстан ұйымдастырылды. Бұл соңғы кезең. Бұған дейін жарыс өңірлерде өтті. Қазір соның жүлдегерлері осы спартакиадада ең мықтыларды анықтау үшін қатысып отыр. Мұнда өз жұмысын жақсы көретін және спортпен айналысатын әуесқой дәрігерлер келді. Мұндай адамдарды ынталандыру керек.

РКС: Спартакиада қорытындысы бойынша 3 орынды Қосшы қаласы, Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының құрамасы еншіледі. Жүлделі 2-ші орынды Бурабай, Бұланды, Зеренді және Біржан сал аудандарының командалары иеленді. Көкшетау қаласы медициналық мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлделі орындарды еншілегендер ақшалай сертификаттармен марапатталды. «Еңбек кубогын» Жарқайың аудандық ауруханасының командасы жеңіп алды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.