ДИКТОР: Көкшетаудағы Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Іскер де қайсар қайраткер» атты мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды. Әріптесім Сәния Есімсейітова жалғастырады.
РКС: Шараға ел есінде ерекше ізі қалған, біртуар тұлға Еркін Әуелбековтің есімін ұрпақ жадында жаңғыртып, оның өмір жолын өнеге ретінде насихаттап жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты. Тарих ғылымдарының кандидаты Аманай Сейітқасымов «Заманның заңғар тұлғасы» атты мазмұнды баяндама дайындап, қайраткердің ел дамуындағы еңбегі мен адами болмысын жан-жақты талдап берді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шараға Еркін Әуелбековтің немере інісі Оразкен Нұртазин де арнайы қатысып, ағасының өмірі мен қызметі жайлы деректермен бөлісті. Оразкен Нұртазин осыдан бес жыл бұрын немере ағасының атындағы қор ашты. Араға бір жыл салып, ел ағасына Көкшетаудың қақ төрінен ескерткіш орнатылды. Оған күллі қазақ елі болып қаржылай үлес қосты. Қазақстанның әр өңірінде басшылық қызметте болған Еркін Нұржанұлының еңбегі күні бүгінге дейін ел аузында.
СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, Е.ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Барлық туыстарының атынан барлық облыс әкімдеріне, басшыларға бәріне алғысымыз шексіз. Ерекеңнің қайтқанына 20 жылдан асты. Ешқашан ұмытпаймыз. Кітаптарын ашып қарасаңыздар Ерекенің ол кісіден бәрі қорқатын, ол сұраған нәрсесін алмай қоймайтын. Сол кісінің қайсарлығымен бізде вокзал, аэропорт салынды. Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің орнында Куйбышевтың ескертіші болу керек еді. жастар жағы білмейсіздер, Ерекең Алматыдан алып келіп ол жерге Шоқан Уәлихановтың ескерткішін қояды.Сондай сондай қайсарлығы көп.
РКС: Электронды кітапхана ұжымы Еңбек Ерінің өнегелі істерін өскелең ұрпаққа насихаттау бағытында түрлі шаралар өткізуде.
СНХ: НҰРЛАН ҚЫСТАУБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Жалпы кітапхана саласында да Еркін Әуелбековты дүйім жұртқа таныстыру мақсатында оның ескерткіші маңында неше түрлі бейне роликтер түсіреміз. Оның көшесі жайлы мағлұматтар айтамыз. Жалпы Еркін Әуелбековтың әлі де көптеген қыры, елге деген қызметі, ел тарихындағы алар орны әлі де зерттеліп, зерделене түсуде. Бүгін оның әлі де ашылмаған басқа қырларымен, жүріп өткен дара жолымен танысып жатырмыз. Бұл жастарға үлкен сабақ, үлкен талпыныс, үлкен жігер береді деп ойлаймын.
РКС: Шара соңында Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов «Көгілдір Көкше» әнін орындап, кештің әсерін ерекше атмосферамен түйіндеді. Бұл тағылымды кеш - ел ардақтысын ұлықтап, жас ұрпаққа үлгі ету жолындағы маңызды мәдени бастамалардың бірі болды.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ