ДИКТОР: Ажырасу санын азайту, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру және жасөспірімдерге құқықтық білім беру — бұл кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық соты жұмысының нәтижесі. Жыл сайын аймақтағы әлеуметтік және моральдық бағдарларды сақтаудағы ролінің маңызы арта түспесе, кеміген емес.

РКС: Ювеналды сот тек үкім шығаратын орган емес. Бұл отбасы мен балалық шақты қолдау орталығы. Аталған сот жұмысы кәмелетке жасы толмағандар қатысатын істерді қараумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге отбасы институтын нығайтуға белсенді араласады. Осындай көп деңгейлі жұмыстың арқасында облыста ажырасуды төмендетудің оң үрдісі байқалады.

СНХ: АЙЖАН БАЙЖҰМАНОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Әрине, біз ең алдымен кәмелетке жасы толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаймыз. Бұл басты міндетіміз, өйткені біз азаматтық қылмыстық істерді бірінші кезекте қарастырамыз. Тиісінше кәмелетке жасы толмағандардың, яғни балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

РКС: Ювеналды сот жүйесіндегі негізгі буын медиаторлар. Олар ортақ мәмілеге келуге көмектеседі. Бұл әсіресе кәмелетке жасы толмағандардың мүдделеріне әсер ететін істерде маңызды. Медиаторлар балаларға өз сезімдерін айтуға, ал ересектерге балаларын естуге жәрдемдеседі. Осындай қолдаудан соң кейбіреулер ажырасудан аулақ болып, отбасын сақтайды.

СНХ: АЙЖАН БАЙЖҰМАНОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ЖАСЫ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Оң динамика бар. Әсіресе некені бұзуға қатысты. Бізде ажырасуға қатысты талап-арыздар іс жүзінде 50 процентке төмендеді. Сот отырысын тағайындау ретіндегі процедураның алдында біз тараптармен міндетті түрде сөйлесеміз. Медиация тәртібі сондай. Сонымен бірге олармен, жұптармен біздің соттағы кәсіби медиаторлар жұмыс істейді. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі де көп болмаса да біртіндеп төмендеп келеді.

РКС: Кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі облыстық мамандандырылған сот өңірдің құқықтық және әлеуметтік тұрақтылығының маңызды элементі болып қала береді. Мамандардың кешенді тәсілінің арқасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасыларды қолдау және баланың мүдделерін қорғау жүзеге асырылуда.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ