ДИКТОР: Күнделікті облыс аумағындағы полиция органдарының кезекші бөлімдеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша арыз-шағымдар келіп түседі. Биыл құқық қорғау органдары ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты 80 қылмыстық істі тіркеді.
РКС: Өткен жылдан бастап ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты әкімшілік баптар қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. Облыста ауыр тұрмыстық қылмыстардың 72 процентке төмендеуіне қол жеткізілді. Бұрын 18 жағдай болса, қазір оның көрсеткіші 5-ке дейін азайған.
СНХ: ДИНАРА МҰҒЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Жаңа заннамаға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты күшейтілді. Атап айтқанда: зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік кәмелетке толмагандарга қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша татуласу мумкіндігі алынып тасталды.Денсаулыкка женіл зиян келтіру және сабау әрекеттері, қылмыстық жауапкершілікке жаткызылды. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жаза ретінде бас бостандығынан айыру көзделіп, балама жаза шаралары алып тасталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
РКС: Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы баптар заңды күшіне енген сәттен бастап 210 қылмыстық әрекет тіркелді. 102 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. 24 арыз сотқа жіберілді. 150-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ