ДИКТОР: Облыста ішімдік және темекі зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері кеңінен насихатталуда. Бүгінде алкоголь мен темекіге тәуелділік өзекті мәселеге айналған. Өңір бойынша бұл мәселені шешу мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Олар профилактикалық және емдік.

РКС: Тұрғындар арасында алкогольге және темекіге тәуелділік азаймай тұр. Өзекті. Облыс бойынша алкоголизмге шалдыққан 5 мыңнан астам адам тіркелген. Соның 1200-ден астамы әйел.

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз есепке ішімдіктен арылғысы келетін азаматтарды тіркейміз. Бірақ ресми тіркелгендерден бөлек, жасырын ем қабылдап жүргендер де бар. Алексеевка ауылында алкогольдік ішімдіктер мен есірткіге тәуелділерді емдеуге арналған орталық бар. Онда детоксикация мен алғашқы оңалту курсы жүргізіледі. Емделушілермен білікті дәрігерлер айналысады. Сондай-ақ, психологтар тренингтер өткізеді. Салауатты өмір салтын ұстануға қатысты дағдылар қалыптасады. Пациенттің бойында оңалтулар байқалса, Раздольное ауылына жібереміз. Онда олар 6 айдан 9 айға дейін зиянды әрекеттен, тәуелділіктен бойларын ада ұстауға үйренеді.

РКС: Мамандардың айтуынша, алкогольге деген тәуелділіктен емделу көрсеткіші - 85 процент. Халық арасында темекі шегетіндердің қатары көбейіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 1-ші тоқсанда Қазақстанда темекі сату көлемі 53%-ке өскен. Алғашқы 3 айында қазақстандықтар 5 млрд-тан астам темекі өнімдерін сатып алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Түсірілім тобы қала тұрғындардың пікірін біліп қайтты.

БЛИЦ: Дети все норовят все попробовать. Наверное, надо чтобы родители за своими детьми хорошо присматривали. Потому что дети они любопытные. Подростки все хотят попробовать. Главное воспитание.

- Наверное это своего рода уровень какой-то независимости. Потому что они не думают о последствиях для своего здоровья. И наверное все равно, демонстрация по телевизору играет свою роль. И среди взрослых, дети же видят как курят их родители.

- Я не знаю. Я не курю, может, поэтому я и не знаю как на это можно повлиять.

- Без понятия. Захотят пусть курят, не хотят пусть не курят. Сами пусть думают, сами бросают.

РКС: Халықтың денсаулығын жақсарту және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін өңірде алкогольдің және темекінің зияны туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша жоспарлы жұмыстар белсенді атқарылуда. Емханаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру бұрыштары ұсынылған. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары да жиі жүргізіледі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ