ДИКТОР: 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Техникалық реттеу және метрология департаменті өңірдің 191 нысанын тексерді. Олардың 80% заңбұзушылықтар анықталды. Әкімшілік айыппұлдар сомасы 15 млн теңгеден асты.

РКС: Өткен жылмен салыстырғанда өткізілетін іс-шаралар саны 6,8 есеге өсті. Сауда, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ветеринарлық қызмет, ірі кәсіпорындар сияқты әртүрлі салалардағы субъектілер мемлекеттік бақылауға алынғанын ескерген жөн.

СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Техникалық реттеу саласында, оның ішінде: өнімді айналымға шығару бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау. 19 бақылау іс-шарасы өткізілді, 15 жағдайда бұзушылықтар анықталды, анықталу 83 процентті құрады. Мысалы, Щучинск қаласындағы "Автолюкс" ірі сауда желілерінің бірін жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сатылатын партияға сапа паспортынсыз Ресей Федерациясының салқындатқыш сұйықтығын сату анықталды. Барлық жағдайда біз жедел ден қойып тиісті шараларын қабылдадық.

РКС: 91 нысанға метрологиялық бақылау жүргізілді. Қорытындысы бойынша 602 өлшем құралын қолдануға тыйым салынды. Зергерлік бұйымдар нарығы да тексеруден өтті.

СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Реттелмеген зергерлік нарық азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Облыс аумағында 56 зергерлік бұйымдарды сатушы тіркелген. Департаменттің профилактикалық іс-шараларының нәтижелері бойынша таңбалау рәсімі 26 мыңнан астам бұйымға қатысты жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

РКС: Бірінші жартыжылдықта техникалық реттеу жөніндегі ахуалдық штабтың екі отырысы өткізілді. Нәтижесінде аттракциондар мен балалар ойын алаңдарын бекіту мәселелері шешілді. Әкімдер аттракциондарды есепке қою алгоритмін әзірледі және жергілікті жерлерде бекітуге ұсынды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ