ДИКТОР: Соңғы 6 ай ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша фронт-офистері 276 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Цифрландыру бастамаларына ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, 300-ден астам тұрғын өзіне-өзі қызмет көрсеткен.

РКС: Өңірде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының 23 фронт-офисі бар. Көкшетау қаласының 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап төлқұжат пен жеке куәлікті алуға өтінішті өз бетінше беру үшін «Құжаттамалық терминал» орнатылды. Жоба іске қосылғаннан бері 120-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

СНХ: СҰЛТАН МӘЛІКОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Клиент бұл терминал арқылы дизайн және қажетті тілді таңдайды. Сондай-ақ түрін, жеке сәйкестендіру нөмірін және ұялы нөмірін енгізеді. Осы деректерді енгізгеннен кейін ол SMS-код алады. SMS кодын пайдалана отырып, ол кез келген қажетті құжаттарды алады.

РКС: Жаңа құжаттарды арнайы QR код арқылы алынады. Сондай-ақ, тіркелгеннен кейін сіз SMS-кодты және дайын құжаттарды алуға болатын электрондық түбіртек аласыз.

СНХ: МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ауэзов көшесіндегі ЦОН мекемесіне келдім. Өте ыңғайлы терминал тұр, жаңадан қойған. Ешқандай көмек қажет емес, өзім толықтыру арқылы, терминал арқылы паспортымды және жеке қуәлігімді ауыстырдым. Тез және ыңғайлы.

РКС: Сонымен қатар, мамыр айынан бастап Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде толтырылған құжаттарды беру үшін пошта бөлімшесі орнатылды. Ол арқылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл функционалдылық ыңғайлы, себебі клиент дайын құжатты демалыс және мереке күндеріне қарамастан, тәулік бойы кез келген уақытта ала алады. Іске қосылғаннан бері пошта аппараты арқылы 47 құжат берілді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ