ДИКТОР: Облыстық жастар фестивалі аясында күміс көмей әнші, қазақ операсының абызына айналған Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай «Қазақ аруы-2024» байқауы өтті. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрге сай көріктілігін, өнерін, тәрбиесін қалыптастыруды көздеген сайысқа жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен 13 ару қатысып, бақ сынасты.

РКС: Қатысушылар алдын-ала іріктеуден өткен. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Ару қыздар шығармашылық қырымен қоса қазақтың ұлттық киімін киіп, дефиле көрсетті. Қатысушылардың дайындаған шығармашылық номері де сан қилы. Бағын сынап көргісі келген қатысушының бірі-Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Аяулым Дарханбек.

СНХ: АЯУЛЫМ ДАРХАНБЕК, «ҚАЗАҚ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ: Қазақ аруына қатысу себебім өзімді жан-жақты дамытқым келеді. Көптеген ұйымдарда болғанымен осыған қатысып бағымды сынағым келеді. Негізінде көптеген байқауларға қатысып жүргеніммен Қазақ аруы секілді жобаға бірінші рет қатысып тұрмын. Іштей қобалжу сезімі бар, бірақ өзіме сенемін.

СНХ: МАДИНА ЕЩАНОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мен Мисс Көкшетау-2023 байқауының жеңімпазымын. Бүгінгі облыстық жастар фестивалінің байқауында әділ қазыларда төрешілік етемін. Талаптарына келетін болсақ, қыздардың табиғи сұлулығына, шеберлігіне, өздерін ұстауына қарап баға береміз. Бүгінгі байқауда әділ шешім қабылдап, нағыз аруды анықтайтын боламыз.

РКС: Қазылар алқасының шешімімен Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ жоғары педагогикалық колледжінің студенті Айсұлу Лұқман жеңімпаз деп танылды. 1-ші Вице-мисс атағын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Аруназ Қуандық иеленсе, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенті Наталья Андреева 2-ші вице мисс атанды. Жеңіске жеткен қатысушыларға ақшалай сертификат табысталды. «Қазақ аруы-2024» атанған қатысушы «Мисс Көкшетау» байқауына жолдама алды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ