ДИКТОР: Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге ақшалай өтемақы төленді. Ақмола облысы бойынша 26 кәсіпкер мүліктік шығындарға 127,5 миллион теңге алды. Қаражаттың 90 проценті республикалық бюджеттен бөлінген. Өтінімдер Целиноград, Астрахан, Жарқайың аудандары, сондай-ақ Атбасар мен Көкшетау қалаларының зардап шеккен бизнес субъектілерінен түсті. Сарапшылар залалдың мөлшерін анықтау үшін зақымдалған нысандарды тексерді.

РКС: Көктемде Көкшетауда тасқын судың кесірінен монша кешені зардап шекті. Шағын бизнес элеватор ықшам ауданында орналасқан. Қылшақты өзені жағадан шыққан кезде айналасындағы бірнеше тұрғын үй мен нысандар су астында қалған. Салдарынан көмір, отын, жиһаз, жабдықтар мен техника бүлінді. Сондай-ақ бірнеше аптаға жұмысты толық тоқтатуға тура келді,-дейді кәсіпкер.

СНХ:ЖОЛДАС ДОСМАЙЫЛ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Бізде осы 2024 жылы 28 март бүкіл территория су басып кетті. Біраз кішкене қинылып болдық. Біздің жұмысымыз тоқтап қалды. Үйдегі, баня ішінде техника бәрі суға батып. Мебельдер көгеріп кетті. Бізге келді басында – ЧСниктар, акт жасады. Сосын акиматтан келді. Бізде қандай ущерб болды сонын бәрін жазды. Сосын бәрін документ жинадық, тапсырдық. Көмектесті бәрі, жақсы болды.

РКС: Облыста су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген мүліктік шығындарды өтеу мақсатында Үкімет резервінен 225 млн. теңге қаржы бөлінді. Кәсіпкерлер алдымен жергілікті әкімдіктен анықтама-растама алып, мүліктік шығындарға бағалау жүргізіп, өтінімді eGov.kz немесе қағаз түрінде тапсырған.

СНХ:ИНДИРА АЙСИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақмола облысында су тасқыны салдарынан келтірілген мүліктік шығындар өтемақысына қатысты өтініштерді қарау бойынша өңірлік комиссия құрылды. Мамырдың 10-ынан қыркүйектің 16-на дейін өңірлік комиссия 28 өтініш қарады.

РКС: Айта кетейік, Ақмола кәсіпкерлерінен түскен өтініштің көбі оң шешім тапты. Өңірлік комиссия екі бизнес субъекті құжаттарының талаптарға сай болмауына байланысты өтемақы төлеуден бас тартты.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ