ДИКТОР: Энергетика – ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Іргелі кәсіпорынның тарихы тереңнен бастау алады. «Көкшетау Энерго» серіктестігі 60 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өткізді. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында энергетика саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, бірқатары арнайы төсбелгімен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Салтанатты шара барысында «Көкшетау Энерго» серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаев кәсіпорынның тарихына тоқталып, артында өшпес із қалдырып, елінің игілігі үшін аянбай тер төккен ардақты ардагерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ еңбек өтілі 10 жылдан асқан 130-дан астам ардагерге кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық төсбелгілерді табыс етті.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 15-ші қазан күні 1964 жылы Целин-Энерго дейтін Солтүстік өңірде үлкен бір мекеме болатын. Соның жекеленген өкімімен Көкшетау электр энергиясы басқармасы құрылған болатын. Бүгін тура 60 жыл толып отыр. Барша біздің ардагерлерді энергетиктерді осы жасаған орасан зор еңбектері, тірліктері үшін көп алғыс айта отырып, бүгінгі буын атынан оларға зор денсаулық, өмірде жақсы күндері мол болып, ұзақ ғұмыр өмір сүріп, үлкен табыстарға жете беріп, балаларының қызықтарын көруге Алла тағала нәсіп етсін деп тілейміз.

РКС: Александр Редванецкий бұл кәсіпорында 1974 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын желілік қызмет инженерінен бастап, техникалық қызмет бастығы, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап «Көкшетау Энерго» серіктестігі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

СНХ: АЛЕКСАНДР РЕДВАНЕЦКИЙ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Зейнеткерлер үшін бүгін айтулы мереке. 60 жылдан астам мемлекеттік деңгейде тұтынушыларды жарықпен қамтып келеміз. Сапалы электр энергиясын беру жолында талмай еңбек еттік. Бүгін соның зейнетін көріп отырмыз.Өзімнің қатарластарымды қос мерекемен құттықтаймын. Біздің жасымызда ең бастысы денсаулық керек.Жақсы күндеріміз көп болсын!

РКС: Марапаттау соңы жергілікті ардагерлер ұйымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

ИНТЕРШУМ:

 ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.