ДИКТОР: Жыл басынан бері аймақта шағын және орта бизнеске қатысты мемлекеттік бағдарламалар аясында 9 миллиард теңгеге 71 жоба қаржыландырылды. Бүгінде аймақта түрлі салада кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің саны 60 мыңға жетті.

РКС: Шағын және орта бизнесті дамыту - еліміздің тұрақты экономикалық өсімінің негізгі тіректерінің бірі. Бұл бағытта мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. Осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланған Дәурия Сәрсенбаева былтыр қайтарымсыз мемлекеттік грантты иеленіп, робототехника мектебін ашты. Мемлекеттің қолдауының арқасында қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, қазір кәсібін табысты жүргізіп отыр. Робототехниканы таңдаған себебім - бұл қазіргі заман талабына сай, балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылық мүмкіндігін дамытуға ықпал ететін маңызды сала, - дейді кәсіпкер.

СНХ: ДӘУРИЯ СӘРСЕНБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Былтыр кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан 5 миллион теңге көлемінде грант ұтып алдым. Бұл бағыт әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне енгізілген соң осындай мүмкіндікке қол жетізіп отырмыз. Соның нәтижесінде өз ісімді дамытып жатырмын. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, қаланың дамуына үлес қосуға да жасалып отырған зор мүмкіндік. 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта басқа да өңірлерде филиалымызды ашып, кеңейту жоспарда бар.

РКС: Биыл кәсіпкерлік жобаларды қолдауға бірыңғай кешенді бағдарлама аясында 8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Кәсіпкерлерге арналған қаржылай қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мен несиеге кепілдік беру тетіктері кәсіпкерлерге қаржылық қиындықтарды еңсеріп, өз ісін дамытуға мүмкіндік береді.

СНХ: ТАСТАМБЕК ТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттен қолдау негізінен бизнес субъектілерінің еңбек өнімділігін ынталандыруға және арттыруға бағытталған. Әлеуметтік бағдарланған жобаларға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бизнес-жобалардың жалпы сомасы 9 млрд. теңгеден асатын 71 жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету нәтижесінде жұмыс істеп тұрған орта кәсіпкерлік субъектілері санының 2147 бірлікке өсуі байқалады. Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі 92,5%-ті құрайды

РКС: Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламалардың арқасында өңірде белсенді кәсіпкерлердің саны артып келеді. Бүгінде бизнес өкілдері 150 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ