ДИКТОР: Қай заманда да ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтауда ақсақалдардың ролі ерекше болған. Бұрынғы билер кеңесінің, ақсақалдар кеңесінің бүгінгі «мұрагері» ардагерлер кеңесі десек артық айтқандық болмас. Кеше аудандық және қалалық ардагерлері кеңесі төрағаларының қатысуымен Зерендіде көшпелі семинар ұйымдастырылды. Ардагерлер кеңесінің мүшелері Ақмола облысында «Белсенді ұзақ өмір сүру» Ұлттық жоспарының іске асырылу барысын талқылады.
РКС: Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істеп тұр. 2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Қарттарға қамқорлық көрсету, белсенді және мәнді өмір сүру үшін жағдай жасау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағытының бірі. Осыдан бес жыл бұрын елімізде алғашқы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. 2021 жылы аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспары қабылданды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс сынды үш бағытта жұмыс істейді. Ақмола облысында мұндай орталы наурыз айында ашылды. Бүгінде облыс көлемінде осындай бес орталық жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы бес орталық ашылмақ.
СНХ: ФАРИДА ЕСЖАНОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Степногорск қаласында осы қаңтардан бастап жиырма бесінші жылғы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Бұған қатынасытын зейнеткерлер белсенді. Бізде 10 услугалар береміз. Оны ішінде ең адамдар жақсы көретін – ол филатес пен фитнес. Сондықтан, біздің зейнеткерлерге осындай орталықтар барлық өңірде ашуға керек деп ойлаймын.
РКС: Орталық егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға бағытталған. Қарттардың жүйелі бос уақытын ұйымдастырып, олардың еркіндігін қамтамасыз етіп, қазақстандық қоғамның өміріне қатысуға жетелейді. Көшпелі семинарда облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова дәл қазіргі тұста ардагерлер ұйымдарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. Қазыналы қарттардың әлі де еліне берері көп. Әсіресе жастардың бойына патриоттық сезім нәрін сіңіру бағытындағы үлестерінің зор екенін айтты.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылдан бастап алғашқы рет Көкшетау қаласының зейнеткерлеріне қоғамдық көлікпен тегін жүру, жол жүру, санаторлық-курорттық емдеуге, әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдар үшін шығатын шығындарды өтеуге қаражат бөлінді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша қазіргі орташа өмір сүру ұзақтығы еліміз бойынша 75,4 жасты құрайды. Қазіргі уақытта аға буын өкілінің жағдайын жақсарту мәселесі – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Зейнеткерлер мен ардагерлерге медицицналық кһөмек көрсетуде ерекше көңіл бөлінуде. Енді медициналық көмек бойынша айтатын болсақ, бүгін денсаулық сақтау басшысы Сахиев Самат Қанатұлы да осында келіп отыр. Сіздерде сұрақ болатын болса Серік Қанатұлы бүкіл сұрақтарға жауап беруге дайын.
РКС: Көшпелі жиын соңында Ақмола өңірінің дамуына зор үлес қосып жүрген белсенді ардагерлердің бір тобы Алғыс хаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ